Технология • 22 Қараша, 2018

«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тады

608 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Заманауи талаптарға сай жабдықталған «Digital URPAQ» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тап, ата-аналардың және балалардың қа­тысуымен ашық есік күні ұйымдастырылды.

«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тады

Салтанатты рәсімде сөй­­леген сөзінде аймақ бас­­шысы Құмар Ақсақалов елі­мізде баламасы жоқ ны­санның баға жетпес ма­ңыздылығын атап өтті.

– Орталық – Елба­сы Н.Назарбаевтың сол­­­­түс­тікқазақстандық жа­ңа буынға жасаған тамаша тар­туы. Бүгінгі күн үр­діс­­теріне толық жауап береді, әлемдегі ең озық IT-техно­логия­лар пай­даланы­лады. Білім беру, ро­боттехника,­ биотехнология, меха­тро­ника, экобиология, көр­ке­м­өнер, мәде­ниет, шы­ғар­­машылық, ойын-сауық үйір­мелері мен ғылыми бір­­лестіктер жұмыс істей­ді. 87 үйірмеге 1800 оқушы мен студент бір мезгілде қа­тысып, сүйікті істерімен алаңсыз айналыса алады, – деді Құмар Іргебайұлы.

Мұнда «Цифрлы Қа­зақ­стан» бағдарламасы ая­сын­да қабілетті, талантты жастардың қосымша бі­лім алып, интеллектуал­ды даму мүмкіндіктерін жетілдірудің сан қырлы жол­дары қарастырылған. Мәселен, ғылыми-зерттеу кешеніне аквапоника, гидропоника, вермиферма тәрізді жүйелер кіреді. Мұн­да су жануарларының қал­дықтарын өсімдік ша­руашылығында кәде­ге жарату технологиясы­ қол­­да­нылады. Дәнді да­қыл­­дар­дың өсуін жеделде­тетін фи­топрепараттарды­ сы­нақ­тан өткізіп, одан әрі­ же­­тілдіруге болады.­ Эко­логиялық таза өнім­дер алу, өсім­діктерді то­­пы­рақ­сыз өсі­рудің тә­жі­рибе алаңдары мен зерт­ха­налық талдаулар пән­ге, ғылымға деген қызы­ғу­­шы­лықты арттырары­ сөз­сіз. Электроника, электр­ тех­никасы, галография сын­ды­ үйірмелерге он жас­тан­ асқан кез келген бала жа­­зыла алады. Қажетті ақ­параттар LED-экрандар және бейнеқабырғалар ар­қы­лы қамтамасыз етіледі. 

Осында «Тасқын» деп атап кеткен «Тэспиан» есім­­­ді драмалық актер ро­бот­ балалардың цифр­лы тех­но­логияларды мең­­­геруі­не­ көмек қолын созу­ға әзір. Ол 17 тілде сөйлей ала­­ды. Ән де салады, «Қа­ра­ жорғаны» да билеп бе­реді, классикалық шы­ғар­ма­лардан үзінді де оқи­ды. Роботты британдық ға­лым­д­ар құрастырған.

15 мың шаршы метр аумақ­та орналасқан Пио­нер­лер сарайын толық­қанды жабдықтауға 2 миллиард теңге жұмсалды. 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы