Аймақтар • 22 Қараша, 2018

Шымкентте «AgriTek Shymkent-2018» көрмесі басталды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында Ресей, Түркия мен Оңтүстік Кореяның, Испанияның және еліміздің ауылшаруашылық саласына қажетті 50-ден астам техникалары көрмеге қойылды.

Шымкентте «AgriTek Shymkent-2018» көрмесі басталды

«AgriTek Shymkent-2018» деп аталатын  7-ші Халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылығы көрмесінде ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары, қосалқы бөлшектер, суару және тыңайту технологиялары, жылыжайлар, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдары, мал шаруашылығына арналған технологиялар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды.

Халықаралық шара барысында жергілікті шаруақожалықтар мен өндірістік кооператив өкілдері бір алаңда жаңа технологиялармен танысып, бірлескен бизнес-жобаларды құруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, жабдықтар мен техниканы жеткізуге келісімшарт жасауға уағдаласты.

Нұршат ТӨКЕН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар