Аймақтар • 22 Қараша, 2018

Медиаторлар слеті өтті

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен облыста алғашқы медиаторлар слеті өтті деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Медиаторлар слеті өтті

Жиында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Шотаев облыстағы медиация институтының даму барысы туралы таратып айтса, Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық медиатор Сайлаубай Әбішев, «Бітім» медиация орталығының тренер-медиаторы Ләззат Бақтыбаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, кәсіби медиатор Жанат Исаева сөз алып, өз ұсыныстарын білдірді.

Өткен жылы өңірде 48 кәсіби және 343 қоғамдық медиатор тіркелген екен. Ал, биылғы жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша қаладағы және аудандандарғы кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың тізімін қайта жасақтау, тексеру жұмыстары нәтижесінде 57 кәсіби және 615 қоғамдық медиатор тіркелген. Медиаторлар слеті алдағы жасалатын жұмыстардың маңыздылығын арттыратын болады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы