Медицина • 23 Қараша, 2018

Жомарттардың жақсы ісі үлгі болды

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Туған жерді түлету, сәні мен салтанатын арттырып, адамдардың алаңсыз күн кешуіне жағдай жасау − ер-азаматтардың борышы. Облыста мұндай жақсы мысалдар жеткілікті. Таяуда облыс орталығындағы «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облыстық бөлімшесінің ұйымдастыруымен ел жайын ойлаған жомарт жүректі жандарды марапаттаудың сәті түсті.  

Жомарттардың жақсы ісі үлгі болды

Кіндік қаны тамған ата жұрт­тың ажары мен базары ортаймауы керектігі туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаң­ғыру» бағ­дарламасында да жан-жақ­ты айтқан болатын. Туған өл­­кесін түлетіп, өңір өмі­рін жақ­­сартуға атсалысушылар осы бағдарламадан кейін тың серпін­мен өз үлестерін қоса бастады. «Жомарт жү­рек» байқауы − елім деп емі­­ренген азаматтардың ел да­муына қосқан үлесін саралап, салмақтауға бағытталған ма­ңызды жобалардың бірі. Бұл кеште ел болашағына бей­­­­жай қарай алмайтын аза­­мат­тардың атқарған ең­бек­тері жалпақ жұрт­қа әйгілі болды. 

– Соңғы екі жылдың ішін­де облыста жалпы құны 5,5 миллиард теңгені құрайтын 96 әлеу­меттік жоба жүзеге асырылды, – деді облыс әкі­мінің орынбасары Айна Мы­сырәлімова құт­тықтау сө­зінде, – олардың басым бөлігі білім, мәдениет, спорт са­ла­лары. Бір ғана Целиноград ауданының өзінде жалпы құны 500 миллион теңгені құрайтын 9 жо­ба іске асырылды.

Салтанатты шарада «Жыл ме­ценаты» аталымы бойынша Сан­дықтау ауданының «Сво­­бод­ное» серіктестігінің ди­рек­торы Александр За­ку­силов, Есіл ауданы «Заречный» се­рік­­тес­тігінің ди­ректоры Уә­лихан Әрі­пов, «Туған өл­ке» аталымы бойын­ша Қор­ғалжын ауданынан жеке кә­сіпкер Құралай Түсіп­бекова мен «Группа Ком­паний...» серіктестігі директорлар ке­ңесінің жетекшісі Ардақ Бал­табеков және Целиноград ауданы «Көкше Жемчуг» се­рік­тестігі басшысының орын­басары Қанат Жәкенов, Целиноград ауданынан іскер азамат Бауыржан Исабаев пен «Сандықтау» серік­тес­тігінің директоры Жамул Мус­­­ханов марапатталды. Це­ли­но­град, Сан­дықтау ауданы­ның әкімдіктері «Туған жер» бағдар­ламасы бойынша үзд­іктер қатарынан көрінді.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан» 

Ақмола облысы