Футбол • 25 Қараша, 2018

«Қайрат» Ресей клубымен жолдастық кездесу өткізеді

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының «Қайрат» футбол клубы мен Ресейдің «Тюмень» клубы 27 және 29 қарашада жолдастық кездесу өткізу туралы келісімге келді, деп жазады prosports.kz. 

«Қайрат» Ресей клубымен жолдастық кездесу өткізеді

Бірінші кездесу Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтсе, екінші матч «Зенит» спорт кешенінде өтеді.

Ойындардың басталу уақыты кешкі сағат 19:00-де.

Айта кету керек, бұл «Қайрат» пен «Тюмень» бірінші кездесуі емес. Осыған дейін екі ұжым маусым басында ойнаған болатын.