Президент • 26 Қараша, 2018

Ұлт зиялылары Елбасы мақаласы жайында

871 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Ұлт зиялылары Елбасы мақаласы жайында

Әлемдік өркениетке қосқан үлесі күмәнсіз

Әлемде түрлі әлеуметтік-мәдени жаңғырулар болып жатыр. Солардың бірінің жағымды ерекшелігі – бұған дейін белгісіз дәйектерді ұсынғаны. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы өзге елдің өкілі ретінде мен үшін айрықша ақпараттық-танымдық сипатқа ие болып отыр. Мақала Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, Еуразияның байтақ кеңістігін мекендеген халықтардың өмірін терең зерделеуге үндейді.

Нұрсұлтан Назарбаев өз мемлекетінің мықты лидері, мойындалған халықаралық беделді тұлға ретінде өткеннің объективті тарихын қалып­тастыру қазіргі жағдайда мемлекеттік бірлік пен азаматтық патриотизмді нығай­тудың бір кепілі екенін айқын түсінеді. Халықаралық қоғамдастықта әлемдік мәдениет отырықшы өмір салты негізін­де дамыды деген стереотиптік пікір қалып­тасқан болса, Нұрсұлтан Назарбаев өз мақа­ласында көшпенділер өркениетінің рөлі мен маңызына жаңаша қарауды ұсы­нады. Көшпенділер ойлап тапқан және кейін­нен бүкіл адамзаттың дамуында елеу­лі қызмет атқарған жаңалықтар туралы нақ­ты мысалдар келтіреді. Қазақстанның еура­зиялық, түркілік тарихты және соның нәти­жесінде әлемдік тарих пен мәдениеттің бір бөлігін қалыптастыруға қосқан  үлесі күмәнсіз.  Бұған Еуропа мен Азияның арасында жатқан Қазақстан аумағының түрлі өркениеттерді, мәдениеттер мен халықтарды жалғастырып, өзара байытушы көпір болғандығы да негізгі алғышарт болып отыр.
В.Стевичтің бұл пікірін «ҚазАқпарат» агенттігі жариялады.

Велибор СТЕВИЧ, 

Сербия инновация ғылымдары Корольдік академиясының төраға орынбасары, саясаттанушы

Ұлттық сана көкжиегін кеңейтеді

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өзі атап өткендей «Рухани жаң­ғыру» жалпыұлттық бағдар­ла­ма­сы­ның жалғасы ретінде жарық көрді.

Мақалада Ұлы дала елінің бүгінгі мұрагері тәуелсіз, бір­лігі мен берекелі тыныс-тір­шілігі ұйысқан еліміздің әлем­дік өркениетте алатын орны ай­қын­далған. Бүгінгі Қазақстан сан ғасырлық тарихтың ғана емес, әлемдік өркениет қазы­насына енетін бай мәдени игі­лік­т­ің иесі екендігін зерделеу, насихаттау аса маңызды мін­дет екендігі көрсетілген. Себе­бі қым-қиғаш оқиғаларға толы жаһандық үдерістерде кез кел­ген ел мен мемлекеттің бүгін­гі әлеуетін ғана емес, өт­кен замандардың даңқты парақ­тарының мұрагерлері ретіндегі жағымды бейнесін де әлемге танытудың маңызы ерекше.
Егер, мәдениет кез келген халықтың, мемлекеттің бет-бейнесін айқындайды, негіз­гі құндылықтарын қалып­тас­тыра­­ды десек, мақалада Ұлы даланың адамзат өркениетіне серпін берген озық технология­лардан бастап, рухани құн­ды­лықтары мен жасампаз рухы­ның қалыптасуының сипаты, негіздері мен ерекшеліктері ай­қын көрсетілген.

Біздің жерімізден бастау алған, атақты «Ботай» қонысы арқылы әлем ғалымдары мойын­даған жылқыны қолға үйрету мен атқа міну мәдениеті, жылқы шаруашылығы, металлургия ісі, «аң стилі» атанған зергер­лік өнер ата-бабаларымыздың аса жоғары өркениет өкіл­дері ретінде көшпелі және оты­рық­шы мәдениетті тоғыстыра оты­­рып, өзіндік ерекше әлем қалып­тастырғандығын көр­се­теді. Нәтижесінде Ұлы Жібек жолының бойымен сау­да байланыстары жүзеге асып қана қоймай, әртүрлі мә­де­ниеттердің үлгілері де кең тарап, ежелгі Қазақстан аума­ғы түрлі мәдениеттердің тоғыс­қан аумағына айналды. Ұлы дала­ның өзіндік рухы мен қайта­ланбас сипатын «Алтын адам» атанған сән-салтанаты мен даңқы қатар жарасқан даңқты билеушілер басқарған, қуатты мемлекеттер айқындай түсті. Тасқа қашалып, мәңгілікке жа­зылған руна жазулары мен он­да баяндалған ерлік тарихы қай­таланбас өр рух пен ата-ба­ба­ларымыздың дүниетанымы мен құндылықтарынан, озық мәдениетінен сыр шертеді. Осы­лайша Ұлы дала елі ин­тел­лектуалдық дамудың да тұғы­рына көтеріліп, оның небір даңқ­ты перзенттері, соның ішінде адамзаттың «екінші ұстазы» атанған әл-Фараби сынды тұлға­лар дүниеге келді.

Елбасы мақаласының тағы бір ерекше маңызы ұлттың ру­хын күшейтіп, болашақ­қа деген сенімін нығайтады. Себебі адамзат өркениетінің көп­теген мәдени және техно­логиялық жетістіктері біздің жерімізден бастау алып, әлем жұртшылығына тарағанын білу, өзінің қайталанбас сипаты бар өркениет қалыптастырған елдің ұрпағы екендігіңді сезіну барша қазақстандықтардың, соның ішінде жас ұрпақтың бойындағы елімізге, өзімізге деген құрметті арттырып, кеудемізге мақтаныш сезімін ұялатып қана коймай, оларды рухтандырып, болашаққа сенімін нығайтады. Ұлттық сананың көкжиегін кеңейтіп, отарсыздандыру үдерісін жылдамдатады.

Жақын арада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Елбасы мақаласында айтылған жасампаз тарихымыздың жеті қырынан сыр шертетін «Қазақ елі» тарихи-көркемдік кешені ашылады. Бұл кешен студент жастардың бойындағы ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілі­міз­ді, мәдениетімізді сақтауға, баға­лауға, дамытуға серпін беру­ді жүзеге асыру және насихаттауды мақсат тұтқан. Әрине бұл Елбасы бастамаларын жүзеге асыру­дағы бір ғана қадам.

Ғалымқайыр МҰТАНОВ,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик