«Айтматов және Кино»

Алматы қаласындағы Ұлттық кітап­ханада Халықаралық Шә­кен Айманов кинофестивалі ая­сын­да Шыңғыс Айтматов­тың 90 жылдығына орай «Айтматов және Кино» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Егемен Қазақстан
26.11.2018 4648
2

Кинофестиваль ұйымдастыру­шы­ла­рының Айтматовты бас­қосу­дың арнайы тақырыбы етіп алуының себебі бар. Әлем­дік­ ру­хани кеңістікке құлашын кең сермеген Ш.Төреқұлұлының бір қа­наты әдебиет болса, бір қана­ты кино болды. Посткеңестік елдер­дің қаламгерлері арасында шы­ғар­маларының ең көп экрандалуы жағынан Айтматовтың алдына түсетін жазушы кемде-кем. Бір ғана Болотбек Шамшиевтің өзі Шыңғыстың 12 шоң шығармасына кинокартина түсіріп, барлығы да кеңестік елдердің ұлттық тіліндегі телевизиясында табыспен жүрді. 

Іс-шараға ақын Исраил Сапар­бай, КСРО және Қырғыз Рес­пуб­ликасының халық әртісі Болотбек Шамшиев, түркімен кинорежиссері Ходжакули Нарлиев, «Ш.Айтматов атындағы халықаралық Ыстықкөл форумының» вице-президенті Ассоль Молдакматова, ақын Аян Нысаналин, қазақстандық дипломат Валерий Толмачев, режиссер, Шәкен Айманов халықаралық ки­но­фестивалінің бас директоры Ермек Тұрсынов, философия және өнертану ғылымдарының докторы, Еуразияның ғаламдық байланыс жөніндегі агенттігінің бас директоры Светлана Слапке қатысты.

«Әлемдік деңгейде әр ұлт­тың,­­ әр елдің өзінің бір алға сала­тын,­ тарихтың өзі, өмірдің өзі алға қоятын адамдары болады. Сон­дай адамдардың бірі – Шыңғыс Айтматов. Биылғы жыл, арнайы жария­ланбаса да мерейтойына орай бейресми Шыңғыс Төреқұлұлының жылына айналып кетті. Мен жақында ғана әлеуметтік желіде отырып, Айтматовтың тойы Өзбекстанда ата­­лып өткенін оқып қалдым. Оған өз басым қатты қуандым. Өйткені көп жағдайда мұндай мерекелер сол елдің деңгейінде ғана тойланып жатады. Бірақ адамзаттың Айтматовы алақандай ғана елдің алқалағанына сыя ма? Осындай тұлғалардың түркі әлемінде, әлемдік масштабта алатын орны ерекше», деді өз сөзінде ақын Исраил Сапарбай. 

«Мені Айтматовпен 10-класта ақын әкем таныстырды. Мен, ол кез­дегі әдебиетті аса ұнатпайтын едім, жаспын ғой. Бірақ анам әдебиетті сүюім үшін барлық амалды жасап бақты, ақыры көндірді. Бірде қолыма әлдеқандай газетті ұстатты. Ол жерде Айтматовтың «Бетпе-бет» деген шығармасы тұр екен, соны оқыдым да таңғалдым. Таңғалғаным, әсер­ленгенім сонша, отыра салып бір деммен осы шығармаға сценарий жазып тастадым. Мектеп оқушысы не жазады дейсіздер, бірақ әкем сценарийді оқыды да, қолымнан жетектеген бойы Айтматовқа алып барды. Сол кезде мен оны бірінші рет көрдім. Арық, мұрынды. Мұрнынан басқа ешнәрсе көрінбейді. Ол менің жазбамды алып оқыды. Содан бері мен Айтматовпен елу жылдай бірге жүрдім, бірнеше шығармасын экранизацияладым және ол ешқашан ешкімнің қолын қақпады», деді Б.Шамшиев мырза. 

– Әр елдің күші мен намысы – сол елдің абыройлы балалары» дейтін мақал бар түркімен елінде. Айтматов тек қана қырғыз елінің мақтанышы емес, бүкіл түркі жұртының, бүкіл әлемнің мақтанышы»,  деп түйіндеді Х.Нарлиев ақсақал. 

Кездесу соңында фестивалдің бас директоры Ермек Тұрсынов та Айтматовпен Бельгияда болған кездесуін еске алып, тұлғалармен жүздесудің шығармашылыққа тигі­­зетін игі әсері туралы баяндады. Бү­гінде алыстап кеткенімен, кинофестиваль аясында басы қосылып, қайта қауқылдасқан бауырлас ел­дердің мықтылары Айтматовқа тағзым ету арқылы киноның алтын діңгегі іспетті ізгілік пен ұлы­лықты бірдей дәріптеді. 

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, 

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу