Электр энергиясы мен тауарлық газ бағасын төмендету туралы бұйрықтар бекітіледі

Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысы Президенттің 07.11.2018 ж.  Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселеден басталды. Электр энергиясы мен көмір тарифтерін түсіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып берді, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
26.11.2018 23063
2

Еске салайық, Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында электр және жылу энергиясына қолданыстағы тарифтерді қалыптастыру, сонымен қатар энергетика қызметтері нарығындағы бағаның түзілуіне бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың жұмысы мәселелері талқыланған еді.

Қ.Бозымбаев Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Энергетика министрлігі электр энергиясына арналған шекті тарифтердің объективті деңгейін белгілеу бойынша жұмыстарды аяқтап жатқанын мәлім етті. Өткен аптада атқарылған жұмыстың алдын ала нәтижелері Жұмыс тобының қарауына ұсынылды. Оның отырысына Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Отырыс барысында электр энергиясына арналған шекті тарифтердің ұсынылған деңгейі талқыланды.

«Екі компоненттің қосындысы бойынша электр энергиясының құнын төмендетудің орташа өлшемді деңгейі шекті тарифтердің қолданыстағы деңгейінің 25 пайызын құрайды. Энергетика министрлігінің тәсілі тұжырымдамалы қолдау тапты», — деді Қ.Бозымбаев.

Бұдан басқа, Жұмыс тобының отырысында қуат тарифінің шекті шамасын (1 МВт үшін 700 мың теңгеден 590 мың теңге шамасына дейін) төмендету қажеттігі туралы мәселе ұсынылды. Бұл түпкі тұтынушылар үшін электр энергиясының құнын төмендетуді қамтамасыз етеді.

Энергетика министрлігінің мәліметтері бойынша, отырыстың нәтижелері бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми ұстанымы алынды. Бұл критерийлерді анықтайтын тиісті бұйрық жобасын осы күннің соңына дейін келісу және тіркеу үшін Әділет министрлігіне енгізуге мүмкіндік береді.

«Біз осы аптаның соңына дейін қуатқа жаңа тариф мөлшерін бекітуді болжап отырмыз. Бұл биылғы жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде орталықтандырылған сауда-саттық өткізуге мүмкіндік береді. Сауда-саттық нәтижесі бойынша энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына  шекті тарифтері бекітілетін болады», — деді энергетика министрі.

Сонымен қатар, Қ.Бозымбаев екі аспектінің маңыздылығын атап өтті: электр станциялары үшін «кем дегенде» ағымдағы көмір бағасын сақтау және делдалдық құрылымдарды алып тастап,  көмірді тасымалдау құнын төмендету; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда тарифтерді ағымдағы шаманың деңгейінен төмендету.

Тауарлық газ бойынша, Энергетика министрлігі тауарлық газдың шекті көтерме бағаларын төмендету көзделген бұйрық жобасын әзірледі. ҚР ЭМ бағалауынша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шекті көтерме сауда бағасын төмендету — тауарлық газдың түпкілікті бағасын өңірге байланысты газ пайдаланатын электр станциялары үшін 12-22%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта министрлік тұрғындар үшін жылу және электр энергиясын өндіретін отын-энергетикалық кешендерге тауарлық газдың бөлшек сауда бағаларын есептеу арқылы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінен шекті көтерме баға деңгейін растауын күтіп отыр.

Энергетика министрлігінің шекті көтерме газ бағасын төмендетуіне байланысты Табиғи монополияларды реттеу комитеті электр станцияларға  газдың бөлшектік бағасын төмендету жөніндегі тиісті бұйрықтар қабылдайтын болады.

Электр энергиясының және тауарлық газ бағасын төмендету шаралары Энергетика министрлігінің тиісті бұйрықтарын бекіту түрінде 01.01.2019 жылдан бастап өз күшіне енеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу