Футбол • 27 Қараша, 2018

«Globe Soccer Awards-2018» жүлдесі кімге бұйырады?

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропаның клубтар қауымдастығы (ECA) мен Еуропаның футбол агенттері қауымдастығы (EFAA) «Globe Soccer Awards-2018» жүлдесінен үміткерлер тізімін жария етті.

«Globe Soccer Awards-2018» жүлдесі кімге бұйырады?

2018 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік бапкер атануға бес маманның мүмкіндігі зор. Олар – Дидье Дешам (Франция құрамасы), Юрген Клопп («Ливерпуль»), Массимилиано Аллегри («Ювентус»), Диего Симеоне («Атлетико») және биылғы жылдың жазында Мадридтің «Реалы» сапынан кеткен Зинедин Зидан. Ойыншылар арасында айтулы ұйымның таңдауы Антуан Гризманн («Атлетико»), Криштиану Роналду («Ювентус») және Кильян Мбаппеге (ПСЖ) түсіп отыр. Ал жылдың ең озық командасы атағы үшін Англияның «Ливерпуль» және Испанияның «Реал» мен «Атлетико»​ клубтары таласады.

Жоғары аталған бапкерлер, футболшылар және командалар арасында кімнің бағы жанып, жеңімпаз атанатыны келесі жылдың 3 қаңтарында Дубайда өтетін салтанатты жиын барысында белгілі болады.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»