Қазақстан • 28 Қараша, 2018

Д.Кәлетаев: Елбасы бастамаларын іске асыруға Қазақстанның азаматтық секторының рөлі ерекше

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев VIII Азаматтық форум жұмысына Елбасының қатысуы жиынның маңызы мен мәртебесін арттырғанын атап өтті.

Д.Кәлетаев: Елбасы бастамаларын іске асыруға Қазақстанның азаматтық секторының рөлі ерекше

«Бүгінгі форумды Елбасының бастамаларын қолдайтын еліміздің жарқын болашағына сенетін азаматтардың форумы десек те болады. Бұл мемлекеттік қоғам үшін де азаматтық сектор үшін де үлкен оқиға. Мұндай кездесулер халықты қанаттандырып, олардың қызметтеріне, жобаларын жүзеге асыруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Президенттің бастамаларын іске асыруға Қазақстанның азаматтық секторының рөлі аса маңызды. Елбасы өзінің Жолдауында атап өткендей, әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін жете түсінуі тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін ортақ мақсатқа жұмылу аса маңызды. Бүгінгі форум дәл осы мақсатты көздейді. Сондықтан бұл форумның маңызы да, мәртебесі де ерекше», деді Д.Кәлетаев пленарлық отырыстың ашылуында.

Азаматтық форум әлеуметтік бастамалардың ең үздік тәжірибелерін ұсынып, азаматтық қоғамның қазіргі бейнесін көрсету үшін әр екі жыл сайын өтеді.  Форумның сегізінші отырысының шеңберінде семинарлар мен мастер-класстар, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, министрліктер және ведомство басшыларымен салалық кездесулер форматында 35 тақырыптық сессия өткізіледі.

Форум барысында азаматтық қоғам институттарының біріге қызмет ету мәселелері, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы құқықтық қарым-қатынас базасын дамыту бойынша ұсыныстар талқыланады.

Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»