Спорт • 28 Қараша, 2018

«Жұлдыздар матчы» Мәскеуде өтеді

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі жылы баскетболдан ВТБ лигасының «Жұлдыздар матчы» 17 ақпанда Мәскеуде 11 500 көрерменге есептелген ВТБ Аренада өтетін болды.  

«Жұлдыздар матчы» Мәскеуде өтеді

2008 жылы тұсауы кесілген ВТБ лигасында бұл күндері Ресейден бөлек, Польша, Беларусь, Латвия және Қазақстанның командалары өнер көрсетуде. Қарт құрлықтағы ең белділер санатына еніп отырған айтулы жарыстың «Жұлдыздар матчы» алғаш рет 2017 жылы Сочиде ұйымдастырылған болатын. Келесі бәсекені Санкт-Петербург қабылдады. 2018 жылдың 17 ақпанында Нева жағалауында өткен жарыста «Әлем жұлдыздары» командасының сапында «Астананың» намысын қорғап жүрген америкалық легионер Джастин Картер өнер көрсетті.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»