Президент • 29 Қараша, 2018

Ахметжан Ашири: Теңдессіз тарихи ерлік

391 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Бүгінгі тәуелсіз еліміздегі эко­но­микалық өрлеу, әлеу­меттік даму һәм саяси тұрақтылық, Қазақ елінің әлемдік деңгейде танылып, беделі жыл өткен сайын арта түсуі, биік-биік мінберлерден көрінуіміздің түпкі негізі халқымыздың ауыз­біршілігінде, ұлттық бір­лі­гінде жатқаны аян. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мем­лекет­тігімізді нығайту жо­лындағы теңдессіз тарихи ерлігі. 

Ахметжан Ашири: Теңдессіз тарихи ерлік

Елбасының халық үшін атқарып жатқан әрбір ісі ғасырға да, мың­жылдыққа да татиды деп айтқан болар едім. Қазір еліміз аман, жұрты­мыз тыныш! Тәубе! 

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Қазақ елінің, Ұлы дала елінің символы, оның бірлігінің кепілі. Ең әуелі Сарыарқаның төсіне Астанадай ғажайып шаһар салып, осының арқасында еліміз дамудың бұрын-соңды болмаған кезеңіне қадам басты. Ел еңсесін тіктеді, береке мен бірліктің, татулық пен келісімнің орталығына айналған, бір-біріне қырын келгендерді табыс­тырған бітімгер ел – Қазақ­станды күллі әлем таныды. 

Астанадай қала салу Елбасындай зама­наның бет алысын дәл бол­жай ала­тын, көреген көшбасшының ғана қолынан келетін іс. Елорданы көр­­­генде көкірегімді қуаныш би­лей­­­­ді. «Қазақ не деген бақытты ха­­лық!» деймін. Астананың 20 жыл­­­­­­­дық мерей­тойына орай менің Ел­­­­­­ба­­сы­­­­ның «Қазақстан жолы» кіта­бы­­­­­­ның желісінде жазған «Астана» пуб­­­ли­­­цис­­­тикалық драмам Ас­тана хал­­­қына көр­­сетілді. Бұл – ме­нің шы­­­ғар­­­­­ма­шы­лық жолымдағы айрықша оқиға.

Әрбір бастамасын ел тілегімен ұштастырып, ұлттық рухпен көрік­­тен­­дірген, азаматтық биік мұрат­­тары­мен нұрландырған, ұлт мүд­де­с­ін бәрінен де жоғары қоя­тын, шын отаншыл, патриот қайрат­кер Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуел­сіздік жолындағы күрестерде көр­сет­кен қажыр-қайраты, елді ұйым­­дас­т­ырып соңынан ерте білу қабі­леті талай жи­наққа, жыр-дастанға өзек болғандай. 

«Достық үйін салған кім, достық шаңырағын биік көтерген қайсы батыр, қандай мейірімді ұлт екен?» деп ертең дүние халқы сұрайтыны хақ!

«Қазақстандықтардың құқық­тық теңдігін қамтамасыз ете оты­рып, ұлт­ара­лық келісімді сақтау, сая­­­­си тұрақ­тылыққа мемлекеттік сая­­­­сат­­тың бас­ты қағидаты ретінде ба­с­ым­­­­дық беру өте маңызды» дейді Елбасы! 

Мәңгілік ел құру жолында күні бүгінге дейін бір үлкен қадам жасал­­­ды. Осының бәрі өздігінен кел­ме­­ге­нін, қаншалықты күш, ақыл, дана­лық сарапқа түскенін ел жақ­сы біледі.

«Мен осы істі бастадым, елім се­­ніп, соңымнан ерді, мемлекет құ­ру­­­да да, Астана салуда да солай бол­­­ды. Осыдан артық бақыт бар ма?!» деп жазады «Қазақстан жо­лы», «Өмір өткелдері» кітабында Елбасы.

Кешегі Кеңес одағы кезінде мүл­де ауызға алынбайтын «Түркі дү­ниесі» деген сөз тәуелсіздік жылдары жан бітіп, жаңадан жаңғыра бас­таған қасиетті ұғым болатын. Сөйте тұра, өз деңгейінде атала алмай құмығып, қалыс қалып келді. Міне, осы сөзге тың серпін беріл­ді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жолғы «Ұлы дала­­ның жеті қыры» атты мақа­ласында түркілік и­дея­ның ек­пінін, орнықтылығын анық сез­дім. Зер салып байқаған адам­ға тұтас мақа­ланың арқауы, не­гізгі өзе­гі дәл осы түркілік бірлікке, түр­кі­лік даңқ­­қа, түркілік айбынға толы еке­нін аңғаруға болады. Ел­ба­­сы­ның: «Жо­ғарыда аталған жоба­­лар­ды «Руха­ни жаңғыру» бағ­дар­­ла­­масы­ның жалғасы ретінде қарас­тыра­мын» деген сөзі тегіннен-тегін ай­ты­лып тұрған жоқ. Осы ар­қы­лы ал­дыңғы ойларын дамытып, ма­з­мұнын ашып тұтас қоғамға қо­з­ғау салып отыр. Рухани жаңғыру бір күннің, бір жылдың шаруасы емес екенін, ол ұзақ мерзімге ар­нал­ған, іркіліссіз жалғастыруға тиіс мәсе­ле екенін аңғартады. Жай аң­ғар­­тып отырған жоқ, қадап тұрып қай­та­лап орындауға бағыт-бағдар беріпті. Мақалада айтылатын Ұлы даланың жеті қыры, түркілердің адамзат өрке­ниетіне қосқан үлесін бір-бір­леп жіпке тізіп көрсетіп ұрпақ жадына салады. Тарихты тереңінен қау­зап бұлтартпас дәлел, мойындатар ақиқаттар арқылы жеткізген. Им­­периялар мен отарлау­шылар тарапы­нан кезінде кемсіте айтыл­ған дүние­лерді, мақтаныш сезімі­мен, көтеріңкі дауыспен жар салып отыр. «Азиялық тобырлар», «далалық жабайылар» деген қырық шоқпыт жамауды сыпырып алып, түркілердің даңқымен, даралығын жарқырата көрсетіпті. 

Әрбір сөйлемі, әрбір тақырыбы бір-бір мақаланың жүгі екені анық. Алайда біз де мақаланың бір қырын таңдап алып, сөз етіп отырмыз. Ол – «Түркі дүниесі бірлігі» идея­сы. Назар аударып қараңызшы, бұрын­дары жалтақтап, абайлап айтылатын сөзді қаймықпастан төтесінен ортаға қойып, ой өрбітеді. Әр жеміс­тің пісе­тін мезгілі, үзіп алатын уақыты болады, сол секілді кезек күттірмей қолға алатын идея­ның біре­гейі де осы түбі бір түркі ха­лық­­тарының еңсе көте­руі болу­ға тиіс. Елбасымыз осы ма­қа­ла­сын­да Ұлы даланың рухы ер түрік­­­тің туы, ерліктің кепілі еке­нін есімізге тағы бір қайтара салып арқа­лан­ды­рып тастады. Мың­да­ған жылдар бойы әлемге өнеге шаш­қан, өнер үлестірген түркілерге «тұғы­рыңнан түспе!» деп жар салып тұр. 

Мақаладан көзіме түскен көп ой­дың бір парасы былай. «Ұзақ уа­қыт­­тан бері біздің жерімізде өмір сү­­ріп келе жатқан көптеген этнос­тар­­ға ортақ Қазақстан тарихы ту­ра­лы сөз болып отырғанын атап өт­­­­­ке­ні­­міз жөн. Бұл – түрлі этнос­тар­­­д­ың көптеген көрнекті тұлға­лары өз үлес­терін қосқан бүкіл хал­қы­­­­мыз­­ға ортақ тарих. Бүгінде төл та­ри­­­­хы­мызға оң көзқарас керек» деп анық жазады. Бұл көреген бас­­шы­­мыз­­дың жан әлемінде тұтас түр­кі­­лер­ді, Ұлы дала­ға табаны тиіп, та­рих­­­­қа ізін қал­­дыр­ған халықтарды қам­­­­тып тұр­ғанын меңзегені дер едім.

Біз басқа халықтардың рөлін тө­мен­детіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырған жоқпыз. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарих­тағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз дейді. Міне, әлдекімдердің сабан астынан су жү­гір­тетін теріс пиғылына да саңлау қал­дырмай дөп басып, мәселенің басын ашып, ақиқатын түсіндіреді. Айналамыз, әлем біз­ге көз тігіп отыр, бір ауыз сөздің қалай еріннен шығуы мен бір қадамның қалай басылуын бақы­лап төбемізден төне қарап тұр­ған­дар сан-саққа жүгіртпеу үшін Пре­зидентіміз салауат­ты пікір айтып, санаға сіңіреді. 

«Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениет­тің өзіндік өрнегін қалыптас­тырып, өнер мен ғылымның және әлем­дік сауданың орталығына айнал­ған ортағасырлық қалалардың гүл­денуіне жол ашты». Осы тұжырым­ның астарында қан­ша шындық, қан­ша сыр жатыр. Түркілердің өрке­ниеті тек қана көш­пен­ділік немесе бірыңғай қалалық өмір емес. Ол қос қанат тәрізді даланы да, қаланы да қамтыған бір дене. Оның тамырлары басынан бақайшығына дейін таралып, бір жүрекпен тіршілік ететінін жеткізіп отыр. Дала мен қаланың құнды жәді­герлері мен даңқты дәстүрлерін жіпке тізген­дей жайып салады. Нық сеніммен тарих­қа тура қарап, әлем жұртына бетпе-бет тіл қатады. 

«Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізі­нен, түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еура­зия­­да түркілер үстемдік құрған кезең­де Ұлы Жібек жолы гүлдену ше­гіне жетіп, халықаралық ауқым­да экономиканы өркендетуге және мә­д­ениетті дамытуға септігін ти­гіз­ді»... Көрдіңіз бе? «Жібек жолы» деп аталатын сан ғасырлар бойы сары даламыздан ендей өтіп жат­қан керуен жолдарымен сауда-саттық жүйесін қалыптастырған, батыс пен шығысты жалғап жат­­қан өткелдің иесі, өмірдің «өткіз­­гіші» түркілер дәурендеген заман­дар екенін шегелейді. Оны дамытқан түр­кі­л­ер, біздің бабаларымыз екені тұжы­рымдалады. 

«Қазақстан – күллі түркі халық­тарының қасиетті «қарашаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар бас­қа елдер мен өңірлердің тарихи үдеріс­теріне елеулі үлес қосты» деуі – салмағы ауыр салиқалы сөз. Мы­­нау, парсы әлеміне мемлекет құр­­ған бақтиярлар, Еуропаны ендей өтіп, жаңа өркениет жа­л­ға­ған қыпшақтар, Рим елін сес­кен­­діріп, Византияны түріп тас­таған «оғыздар», үнділерді үйіріп, Бабыр елін байтағына қондыр­­ған моғол­дар, алты ғасыр дүниені ашса ала­қа­нында, жұмса жұдыры­ғын­да ұс­таған Шыңғыс хан әулеті бәрі-бәрі Ұлы даланың ұландары, сайыпқыран саңлақтары болатын. Президент сөзінің астарына үңілген сайын көз алдымызға алып құрлықтар, шалқыған мұхиттар орала береді. 

«Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықара­лық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет»... Мақала­ны оқып отырып осы бір жолдар ойым­ды онан сайын бекіте түседі. Түркістан облысы неге құрылды? Ол әншейін ғана әкімшілік бөліс пе? Жо-жоқ. Мәселе тіпті ондай жеңіл болмаса керек. Беткі көрінісі солай көрін­генімен, оның астарында ар мен намы­сымыз, сөнбес алауымыз бен көтерер жалауымыз жар­қы­рай­ды. Халықтың рухын көтеру, алтын қазық асыл мекеннің шашылар нұры, шарықтайтын үні екенін түсінген адам ғана атқарған жұмыс екені белгілі. Онда рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауи баба­мыз­дың жат­қандығынан. Қазақ хал­қына астана болған ардақты мекен, қазы­налы өлке екенін таныған адам­ның таң­ға­­жайып таңдауы жатыр.

Мақаланың өн бойында атан түйеге жүк болатын салмақты ойлар, салиқалы пікірлер өте мол. Тұтас қоғам талқылап, салалар бойынша сараптап жатыр. Біз де басымызға келіп, жанымызға нұр болып сіңген тұстарына қысқаша пікір білдірдік. Сол себепті мақаламды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мына бір тұжырымымен аяқтағанды жөн көріп отырмын: «Төл тарихын білетін, баға­лайтын және мақтан ететін ха­лық­тың болашағы зор болады деп сенемін» 

Ахметжан АШИРИ, 

жазушы-драматург, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері