Аймақтар • 29 Қараша, 2018

Тараз қаласы маңында абаттандыру жұмыстары жүргізілмек

971 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы әкімдігінің кезекті отырысында облыс орталығының айналасындағы аумақты абаттандыру жобалары талқыланды, деп хабарлайды аймақтың баспасөз қызметі.

Тараз қаласы маңында абаттандыру жұмыстары жүргізілмек

Бетпақ дала табиғи алқабында орналасқан Тараз қаласын Талас Алатауы, Қаратау таулары мен Тектұрмас биігі қоршап тұр. Тараздың айналасында демалыс орындарын ашуға қолайлы көптеген көрікті жерлер, тау шатқалдары, өзен-көлдер болуына қарамастан, қала тұрғындары демалатын жер таппай қиналады.

Отырыс барысында жауапты мамандар Тараз қаласы бас жоспарын іске асыру кезеңдері туралы айтты. Бірінші кезеңде жаңа бас жоспар жасалып, қала маңындағы аумақтарды абаттандыру жобасы әзірленеді. Мамандар Байзақ және Жамбыл аудандары аумақтарының облыс орталығына жапсарлас жатқан бөліктерін қосуды ұсынды.

Өңір басшысы Асқар Мырзахметов әзірге жаңа бас жоспарға қажеттілік жоқтығын айтты. Бірақ заңның талабы бойынша, кезекте тұрған азаматтарға облыстың кез келген нүктесінен 0,01 гектар жерді беруге болатынын білдірді.

Сондай-ақ алдағы уақытта аталған аудандардың аумақтарында түрліше демалыс орындарын ашу жоспарланған.