Аймақтар • 29 Қараша, 2018

Ақтауда алғашқы коворкинг орталығы ашылды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауданы 350 шаршы метрді құрайтын нысан 22 жұмыс орнына есептелген.

Ақтауда алғашқы коворкинг орталығы ашылды

Журналистер мен шығармашылық жолындағы мамандардың, веб және графикалық дизайнерлердің, IT-мамандардың, коучтердің, жеке кәсіпкерлердің жұмысы үшін құрылған коворкинг орталықта 4 кеңсе, конференц-зал және сұхбат бөлмесі бар. Аталмыш орталықта жастар және кәсіпкерлік саласында жүрген мамандардың бас қосып, жұмыс-жоспарын талқылауға қолайлы барлық жағдай жасалған.

Жұмыстың жаңа форматы жас мамандарға өз пікірлестерін табуға, олармен қандай да бір жобаны ұйымдастыруға көмектесіп, жастар тарапынан кәсіпкерлікке деген қызығушылықтың артуына және ашықтықтың артуына әсер етпек. Айта кетерлігі, мұндай кең көлемді орталық әзірге тек Алматы мен Астанадан және Ақтау қаласынан ғана ашылған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар