Аймақтар • 29 Қараша, 2018

«Чемпиондар лигасының» финалы Алматыда өтеді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1-2 желтоқсан аралығында Алматыда «Спорт менің ауламда» әлеуметтік жобасы аясында «Чемпиондар лигасының» финалы өтеді.

«Чемпиондар лигасының» финалы Алматыда өтеді

Айтулы жарыс екі күн бойы спорттың бірнеше түрінен Әл-Фараби атандағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде  өтеді. Осы бәсекелер барысында осы жобаның ақтық сынына жолдама алған 7-17 жас аралығындағы қатысушылар және олардың ата-аналары өз бақ сынайды.

Алматы қаласының сегіз ауданының үздік ойынышлары қатысатын ақтық жарыста 1 000-нан аса адам қатысатын болады. Жарыстың ашылу салтанаты  желтоқсан айының 2-і күні сағат 11:00-де өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар, диплом және медалдарға ие болады.

Жарыс бағдарламасы

1 желтоқсан

11-00   Стритбол, бастапқы ойындар 7-12 жас. 1-ші зал.

11-00   Стритбол, бастапқы ойындар 13-17 жас. 2-ші зал.

13-20   Футбол, бастапқы ойындар 7-12 жас. 1-ші зал.

13-20   Футбол, бастапқы ойындар 13-17 жас. 2-ші зал.

2 желтоқсан

10-50   Қатысушылардын жиыны

11-00   Ашылу салтанаты

11-20   Отбасылар жарысы

11-20   Воркаут 7-12 жас

11-20   Бадминтон

11-30   60 метр

11-40   Воркаут 13-17 жас

11-40   Дартс

11-40   Ұзындыққа секіру

11-40   Теннис

11-50   Арқан тарту

12-00   Скиппинг

12-00   Эстафета 4х50 метр

12-30   Скиппинг (командалық)

12-50   Планканы ұстау әдісі 7-12 жас

12-50   Планканы ұстау әдісі 13-17 жас

13-00   Волейбол

14-00   Стритбол, 3-ші орын үшін ойын 7-12 жас

14-00   Стритбол, финал

14-15   Футбол (буллит)

14-30   Шағын футбол, 3-ші орын үшін ойын

14-30   Шағын футбол, финал

14-45   Марапаттау рәсімі


Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар