Футбол • 29 Қараша, 2018

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан 12 команда анықталды

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсенбі және сәрсенбі күндері футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 5-ші тур ойындары өтіп, плей-офф кезеңіне шыққан 16 команданың 12-сі анықталды. Қалған төрт команданың аты соңғы турда белгілі болмақ.

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан 12 команда анықталды

Аталған турнирдің 1/8 финалына жолдаманы ең бірінші болып Испанияның «Барселона» командасы үшінші турда-ақ иеленіп қойған-ды. Бесінші турдың бірінші күнінде 7 команда топтық кезеңнен шықты. Олар: «Бавария» (Германия), «Аякс» (Нидерланды), «Реал» (Испания), «Рома» мен «Ювентус» (Италия) және «Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» (Англия) командалары.

Екінші күннің қорытындысы бойынша, «Атлетико» (Испания), «Боруссия Д» мен «Шальке» (Германия) және «Порту» (Португалия) Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты. Ал қалған төрт жолдаманы соңғы турда «Наполи» мен «Интер» (Италия), ПСЖ мен «Лион» (Франция), «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» (Англия) және «Шахтер» (Украина) клубы сарапқа салады.

 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»