Футбол • 29 Қараша, 2018

Плей-офф кезеңіне шыққан 12 команда анықталды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан 12 команда анықталды. Қалған төрт жолдаманың иегері 11-13 желтоқсан аралығында өтетін соңғы тур ойындарынан кейін белгілі болады.   

Плей-офф кезеңіне шыққан 12 команда анықталды

Бұған дейін біз 1/8 финалға шыққан сегіз команданы атаған едік. Олар –  Испанияның «Барселонасы» (13 ұпай) мен «Реалы» (12 ұпай), Германияның «Бавариясы» (13 ұпай), Голландияның «Аяксы» (11 ұпай), Италияның «Ромасы» (9 ұпай) мен «Ювентусі» (12 ұпай) және Англияның «Манчестер Ситиі» (10 ұпай) мен «Манчестер Юнайтеді» (10 ұпай).

Бүгін түнде өткен кездесулер мынадай нәтижелермен аяқталды: «Атлетико» (Мадрид, Испания) – «Монако» (Франция) 2:0, «Локомотив» (Мәскеу, Ресей) – «Галатасарай» (Түркия) 2:0, «Порту» (Португалия) – «Шальке-04» (Германия) 3:1, «Тоттенхэм» (Англия) – «Интер» (Италия) 1:0, «Боруссия» (Дортмунд, Германия) – «Брюгге» (Бельгия) 0:0, ПСЖ (Франция) – «Ливерпуль» (Англия) 2:1, «Наполи» (Италия) – «Црвена Звезда» (Сербия) 3:1 және ПСВ (Голландия) – «Барселона» (Испания) 1:2.

Осы ойындардың нәтижесі бойынша тағы төрт команда плей-офф додасына жолдама алды. Олар – Испанияның «Атлетико» (12 ұпай), Германияның «Боруссия» (10 ұпай) мен «Шальке-04» (8 ұпай) және Португалияның «Порту» (13 ұпай) клубтары.

Соңғы тур ойындарында УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған тағы төрт команда және Еуропа лигасында күш сынасатын командалар белгілі болады.   

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»