Аймақтар • 30 Қараша, 2018

Қарағандыда Елбасының тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандар салынады

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша алдағы уақытта Қарағанды және Теміртау қалаларында әлеуметтік жаңа нысандар салынбақшы.  Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Қарағандыда Елбасының тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандар салынады

Мысалы, Қарағандыда заманауи балалар және жасөспірімдер сарайын салу жоспарланған. Дәстүрлі үйірмелермен қатар мұнда жаңа секциялар, атап айтқанда робот техникасы және модельдеу, сондай-ақ планетарий үйірмелері болады. Ал көктемде олимпиада стандарттарына сай келетін 50 метрлік жүзу бассейні салына бастайды. Сондай-ақ, облыс орталығында 1500 орынға шақталған концерт залы мен күрес орталығы бой көтереді.

Бұдан бөлек, Қарағандының теміржол вокзалы толықтай жаңғыртылады. Соның нәтижесінде, жолаушылар ағымы 2,5 есеге артпақ. Сонымен қатар, әйгілі боксшы  Геннадий Головкин аумағы 5500 шаршы метр болатын спорт кешенін салып жатыр.

Ал Теміртау қаласында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 20 мың адамға арналған жаңа емхана, балабақша және кәсіби спорт кешенін салады.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы