Қоғам • 01 Желтоқсан, 2018

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді

837 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді

Бұл жөнінде жақында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №754 қаулысы шықты. «Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізу құқы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне» Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілсін» делінген Қаулыда. Бұл ұстаздар мен студенттердің көптен күткен ұсынысы мен тілегі болатын.

«Әлемдік деңгейдегі ғалымның есімін алып жүру білім ордасына бір жағы қуаныш, екіншіден жауапкершілік жүктейді. Студенттеріміз үшін Өмірзақ Сұлтанғазиннің өмірі мен ғылымдағы еңбегін білудің өзі үлкен рухани байлық болып табылады және болашақ ұстаздар қазақ халқының ірі тұлғасына ұқсап бақса, үлгі етсе деп ойлаймыз» дейді университет ректоры Еркін Әбіл.

Алдағы уақытта білім ордасының алдына демеушілер есебінен ғалымның ескерткіші орнатылатын болады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай