Президент • 01 Желтоқсан, 2018

Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ғылыми-зерттеу кешеніне барды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ғылыми-зерттеу кешеніне барды

Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы инфрақұрылымының бір бөлігі саналатын жаңа ғылыми-зерттеу кешенінің жұмысымен танысты.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті электрондық микроскопия, атомдық-күш микроскопиясы, робот техникалары және зияткерлік жүйелер, озық робот техникалары мен мехатрондық жүйелер зертханаларын, сондай-ақ энергетикалық ғарыштық зертхананы аралап көрді.

Жалпы, кешенде 117 зертхана, соның ішінде 67 инженерлік-техникалық, 40 химия-биологиялық және 10 таза аймақ бар.