Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2018

Елбасының кітаптары мен суреттері көрмеге қойылды

1382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық музей кітапханасында Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» кітап көрмесі мен «Ұлт тірегі – Елбасы» фотокөрмесі ашылды.

Елбасының кітаптары мен суреттері көрмеге қойылды

Көрмеде кітапхана қорындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ­станның тәуелсіздік жыл­дарындағы жетістіктері туралы кітаптары көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар Елбасының бос уақытында сүйіп оқитын кітаптары да қойылды. Президенттің сүйікті авторлары тізімінде Абай Құнанбайұлы, Сәкен Сейфуллин секілді еліміз­дің ұлы жазушылары бар. 

Ал «Ұлт тірегі – Елбасы» фотокөрмесінде «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Игорь Бургандиновтың, «Ай­қын» газетінің фототілшісі Айт­жан Мұрзановтың, «Литер» газетінің фототілшісі Советбек Мағ­зұмовтың, «Деловой Казах­стан» газетінің фототілшісі Тал­ғат Ғалымовтың жұмыстары қойылды. 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 1997 жылдан бе­рі су­рет­ке түсі­ріп келе жатырмын. Жұмыс барысында Президентті түсірген суреттерім көп. Солардың арасынан ең үздік 8 суретім бүгінгі көрмеге қойылды. Беделді адамдар қатысатын шараларда уақыт өте тығыз болады. Сол аз уақытты тиімді пайдаланып, оңтайлы сәтте тұлғаларды суретке түсіріп үлгеру керек. Кадрда адамдардың көзқарасы және күліп тұрғаны маңызды», дейді «Айқын» газетінің фототілшісі Айтжан Мұрзанов. 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»