Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2018

Ұланның үздік офицерлері анықталды

818 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы   әскери бөлімдері офицерлерінің арасында «Үздік батальон командирі», «Үздік батальон штаб бастығы», «Үздік батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары», «Үздік рота командирі», «Үздік рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары», «Үздік взвод командирі» байқау-сайысы өтті.

Ұланның үздік офицерлері анықталды

«Байқаудың  мақсаты – әскери қызметтің мәртебесін көтеру, офицерлерді ынталандыру және олардың кәсіби шеберліктерін әрі қарай жетілдіру, озық тәжірибелерді тарату, батальон, рота буынындағы офицерлерден кадрлық резерв құру. Байқауға келген  барлық офицерлер тексерілген пәндер бойынша жоғары дайындықтарын көрсетті. Жеңімпаздар  алдағы уақытта қызмет баспалдағымен жоғары лауазымдарға тағайындалуға үміткерлер қатарына қосылды», – дейді Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Данара Баймағамбетова.

Байқауға қатысқан офицерлердің қызметтік-жауынгерлік жұмысты ұйымдастыру, бөліністерді басқару талаптары, жалпы әскери жарғылар, бөлініс шаруашылығын ұйымдастыру бойынша білімдері тексеріліп және олардың табельдік қарудан ату машығы, күш пен ептілікті және төзімділікті анықтайтын дене даярлығы сынаққа түсті.

Байқау-сайыстың қорытындысы бойынша төмендегі офицерлер өз лауазымдарының үздіктері атанды:

«Үздік батальон командирі» номинациясы бойынша: 5571 әскери бөлімінен майор Артур Эглит (Алматы қаласы);  

«Үздік батальон штаб бастығы» номинациясы бойынша: 28237 әскери бөлімінен капитан Тимур Калиекперов (Алматы облысы, Ұзынағаш кенті);

«Үздік батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары» номинациясы бойынша: 5513 әскери бөлімінен капитан Мұса Сәдуақасов (Тараз қаласы); 

«Үздік рота командирі» номинациясы бойынша: 5513 әскери бөлімінен капитан Жомарт Жұмаділдаев (Тараз қаласы);  

«Үздік рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары» номинациясы бойынша: 28237 әскери бөлімінен аға лейтенант Елжан Секенов (Алматы облысы, Ұзынағаш кенті);

«Үздік взвод командирі» номинациясы бойынша: 5513 әскери бөлімінен   аға лейтенант Нұрдәулет Нұрманов  (Алматы қаласы).

Өңірлік қолбасшылықтың «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орайластырып өткізген салтанатты жиынында байқау жеңімпаздары марапатталды.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар