Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

1157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкіміне сәйкес, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Нұрдаулет Қилыбай тағайындалды.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай 1978 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, «тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер», «қаржы және қаржы құқығы» мамандықтары бойынша бітірген. 2018 жылы АҚШ Бостон қаласында Stafford House халықаралық мектебінде білім алған.

Еңбек жолын 1999 жылы Маңғыстау тасымалдау бөлімшесі станциясының кезекшісі қызметінен бастаған. Кейін Астана станциясында кірме жолдары бойынша жүктерді қабылдап-тапсырушы, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамынының бас маманы, бөлім бастығы, магистральды желілер дирекциясы басқарушысының көмекшісі қызметтерінде болды.

2005 - 2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төрағаның орынбасары.

2009 – 2010 жылдары «Вокзал-сервис» АҚ президенті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры болды.

2010 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2011 - 2012 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі, кейін осы акционерлік қоғамның Маңғыстау жолдары бөлімшесі филиалының директоры.

2012 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметінде болды.

2013 – 2017 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы - атқарушы директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы директоры - «Жолаушылар тасымалдау» АҚ президенті.

2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Теміржолсу» АҚ Бас директоры – Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы