Спорт • 05 Желтоқсан, 2018

Александр Журавский 8 желтоқсанда жұдырықтасады

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші орта салмақта күш сынасып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Александр Журавский өзінің кезекті жекпе-жегін 8 желтоқсанда Францияның астанасы – Парижде өткізеді. 

Александр Журавский 8 желтоқсанда жұдырықтасады

Александрдың қарсыласы – Мұхаммед Рабии. 25 жастағы Марроканың тумасы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. 2013 жылы ол Алматыда өткен әлем чемпионатына қатысты. Осындай дүбірлі додада тұңғыш рет бақ сынаған Мұхаммед тұсаукесер кездесуінде Қырғыстанның боксшысы Еркінбек Болатбектен ұтылып, еліне ерте қайтқан болатын.

Есесіне 2015 жылы Дохада ұйымдастырылған әлем чемпионатында ол топ жарды. Финалдық сайыста қандасымыз Данияр Елеусіновке сан соқтырды. Одан бөлек, маррокалық спортшының Африка чемпионы және Олимпия ойындарының қола жүлдегері деген атақтары бар. Рио де Жанейродағы жарыстың жартылай финалында Рабии өзбекстандық Шахрам Гиясовқа ұтылды. Ал өзбектің өрені финалда біздің Данияр Елеусіновке есе жіберді.    

2007 жылы кәсіпқой рингке ауысқан Мұхаммед Рабии осы күнге дейін жеті жекпе-жек ұйымдастырып, барлығында жеңіске жетті. Бес бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Өзінің соңғы кездесуін ол үстіміздегі жылдың 20 қазанында австриялық Гоги Князевичке қарсы өткізді.

Александр Журавскийдің кәсіпқойлар арасында бақ сынап жүргеніне 11 жыл болды. Сол аралықта 33 жастағы жерлесіміз 17 кездесу өткізіп, 13 рет басымдық танытты. 11 қарсыласын нокаутпен ұтты. Ол да өзінің соңғы жекпе-жегін қазан айында өткізген еді. Өкіншіке қарай, Журавский өзбекстандық Жасур Ахмаджоноқа ұпай санымен ұтылды. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»