Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2018

«100 жаңа есім» жобасының лауреаты шалғай ауданның жастарымен кездесті

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы ең шалғай ауданның бірі Қамыстыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Алмат Тұрсыновтың жастармен кездесуі өтті. Алмат Жанәбілұлы тек Қостанайға ғана емес, елімізге белгілі ірі кәсіпкердің бірі, өзінің жаңалықтарымен, үздік технологияларды енгізудегі ұйымдастырушылығымен ауыл шаруашылығын дамытты. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу өнеркәсібінің кеңеюіне де үлес қосып келеді. Ол облыста ет кластерін құрған, «Қарасу-ЕТ» компаниясын басқарады.

«100 жаңа есім» жобасының лауреаты шалғай ауданның жастарымен кездесті

Кездесуде жастар Алмат Тұрсыновқа көптеген сұрақтар қойды. «Еңбек Ері болу қиын ба?», «Тәуелсіздік Сізге не берді?», «Спорт Сізді қалай дамытты?» деген сияқты жастардың көптеген сұрақтарына кездесу кейіпкері жан-жақты, қызықты ақпараттармен жауап берді. Алмат Жанәбілұлы жастармен әңгімесін «әркім саламатты әрі белсенді өмір сүргенде, бала кезден сабаққа тиянақты болып, жақсы білім алғанда, жақсы істерге, бастамаларға жігерлілікпен кіріскенде жастар барлық биіктерді алуына кедергі жоқ» деген ойлармен тұжырымдап отырды.

Облыс экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген Алмат Тұрсыновтың жастармен кездесуі өте мазмұнды өтті.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай