Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 25-ші отырысы өтті

1139 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Милан қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 25-ші отырысы өтуде.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 25-ші отырысы өтті

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде Брюссельдегі «Азия-Еуропа» саммитінде (АСЕМ) ұсынылған Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен таныстырды.

«Н. Назарбаев Еуропалық Одақ, Ресей, АҚШ және Қытай басшыларының бірлескен талқылауы арқылы халықаралық келіспеушіліктерді шешудің маңыздылығын атап өтті. Талқылау БҰҰ қамқорлығымен арнайы сессия түрінде өткізілуі де мүмкін, сондай-ақ Астана мұндай жоғары деңгейдегі кездесуге алаң бола алады»,  делінген хабарламада.

Қазақстанның ЕҚЫҰ аймағында және одан тыс жерлерде жанжалдарды реттеуге, өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу үшін халықаралық бірлескен күш-жігерге белсене қатысуға деген бейілділігі атап өтілді.

«Хельсинки Қорытынды актісі қағидаттарына негізделе отырып, ЕҚЫҰ мемлекеттері 2010 жылғы Астана саммитінде еркін, демократиялық және бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығының жалпы көрінісі туралы келісімге келдік, бірақ біз оған қол жеткізу жолдары туралы келіспедік. Сондықтан Хельсинки құжатының 45-жылдығына орай ұйымдастыруға болатын жоғары деңгейдегі конференция осы бағытта нақты шара болады », - деп түсіндірді Министр.

Қазақстан ЕҚЫҰ-дың шиеленістерді алдын-алу және шешуге, терроризм, радикализм, адам саудасы және бақыланбайтын көші-қонға қарсы іс-қимыл құралдарын нығайтуға мүдделі. Осы ретте Сирия бойынша Астана процесі Еуро-Жерорта теңізі қауіпсіздігіне қауіп-қатерді төмендетуде маңызды рөл атқарады, делінген қазақстандық делегацияның сөзінде.

Еуразиядағы қиындықтарды шешуде халықаралық ұйымдардың синергиясын насихаттау мақсатында, қатысушы мемлекеттер ЕҚЫҰ, АӨСШК және АСЕАН Аймақтық қауіпсіздік форумы хатшылықтарының бірлескен отырысын ұйымдастыру туралы Президент Н. Назарбаевтың бастамасы ұсынылды.

Қатысушылардың назары Ауғанстандағы ахуалдың дамуы және осы ретте Қазақстанның ЕҚЫҰ-дың Ауғанстан жөніндегі жоғары деңгейдегі кездесуін 2019 жылы Астанада өткізу ниетіне аударылды. Бұл іс-шара аймақтық серіктестік және қауіпсіздік пен даму арасындағы қарым-қатынасқа бағытталатын болады.

«Қауіпсіздік пен даму туралы айта отырып, көпір құруға қабілетті және көптеген маңызды мәселелер бойынша консенсусқа қол жеткізуге мүмкіншілік беретін ЕҚЫҰ-дың экономикалық және экологиялық өлшемдерінің үлкен әлеуетін ұмытпауымыз керек. Бұл мүмкіндіктердің бірі - ЕҚЫҰ-дың Астанадағы жаңа буынының қалыптасуы болатын еді, бұл озық тәжірибелермен, аналитикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен алмасу арқылы орнықты өзара байланыстылық мәселелерімен айналысатын еді», - деді Қазақстан СІМ басшысы.

ЕҚЫҰ Экономикалық және экологиялық комитетінің төрағасы ретінде Қазақстан Миландағы Сыртқы істер министрлер кеңесінің алаңында өзара байланыстылық (connectivity) мәселелері бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырды.

Миландағы ЕҚЫҰ отырысының аясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше-мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуі өтті.

Сонымен қатар Миланда Италия, Аустрия, Нидерланды, Словакия, Сербия, Эстония, Монако, Болгария, Румыния және басқа елдер делегацияларының басшыларымен, сондай-ақ ЕҚЫҰ Ұлттық азшылықтар жөніндегі Жоғарғы комиссарымен екіжақты кездесулер өткізілуде.

ЕҚЫҰ министрлік кездесуі ашылуының қарсаңында Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүше-мемлекеттері сыртқы саяси ведомстволары басшыларының жұмыс кездесуі өтті.

Соңғы жаңалықтар