Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018

Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өтті

411 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстан заңнамасының жетілдірілуіне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өтті

Әділет министрлігі «Филип Моррис Интернэшнл» және «Эрнст энд Янг» компанияларымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвестициялық саясатын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс тобының жұмыс жоспары аясында өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына қаржы мен ұлттық экономика министрліктерінің, Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін бірқатар жетекші шетел компанияларының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 20 маусымдағы Заңымен енгізілген зияткерлік меншікті сақтау және қорғау саласында енгізілген соңғы түзетулерді жан-жақты талқылады. Онда бизнес, министрліктер мен мемлекеттік органдардың өкілдері зияткерлік меншік құқықтары саласындағы реттеудің одан әрі даму болашағына қатысты пікірлерімен алмасып, құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар Тауар белгісін тіркеу жүйесі оңтайландырылуы, тауар белгісін алу өтінім сараптамасын өткізудің, құқықты табыстауды тіркеу мерзімі қысқартылуы, тауар белгілерін қорғауға арналған тиімді құқықтық жағдайлар қалыптасқандығы, «Контрафактілік тауар мен оның қаптамасы» терминінің нақты анықталуы, тауар белгісі иесінің залалдарын өтеудің қосымша тетігі енгізілгендігі жайындағы түзетулер мен өзгерістерге орай өз ойларын жеткізді.

Әділет министрлігінің мәліметтері бойынша қазіргі кезде зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері пысықталуда.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ