Әлем • 10 Желтоқсан, 2018

«Әлем аруы-2018» байқауында Димаш Құдайберген қа­зақ­ша ән салды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Хайнань аралдарында өткен «Әлем аруы-2018» байқауында Димаш Құдайберген қа­зақ­ша ән салды. Бұл туралы Instagram желісінде сұ­лу­лық байқауының ресми па­рақ­шасында хабарланды. 

«Әлем аруы-2018» байқауында Димаш Құдайберген қа­зақ­ша ән салды

«Халықаралық сыйлық иегері, таңғалдырар әнші Димаш тамаша орындауымен тыңдармандарды тәнті етті», деп жазды байқау ұйым­дастырушылары. Димаш бұл жолы өзінің композиторлық шығармасы «Ұмытылмас күн» әнін шырқады. Әлем­нің түк­пір-түкпіріндегі Димаш­тың өнеріне тәнті болған желі қолдану­шыла­рының шат-ша­ды­ман ризашылықтары сәт сайын толассыз ағылуда.

«Бірнеше жыл бұрын қазақ тіліндегі ән «Әлем аруы» бай­қауында орындалады десе кім сенер еді. Димаш сен мүмкін еместей көрінетін биіктерді бағындырып келесің», деп жазды әншінің елдегі тыңдармандарының бірі.

«Әлем аруы-2018» финалы 200-ге тарта мемлекеттің теле­кө­­­рер­мендеріне тікелей эфир­де тара­тылды. Димаш бұл байқауға Қа­зақстанның атынан өнер көр­сеткен Ека­те­ри­на Дворецкаяға қол­дау көрсету мақсатында бар­ған болатын.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»