Руханият • 10 Желтоқсан, 2018

Түркі әлеміне ортақ ғалым

636 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Л.Н.Гу­ми­лев атындағы Еура­зия ұлттық универ­ситетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Қаллы Айымбетовтің туғаны­на 110 жыл толуына орай «Қара­қалпақтар фольк­лоры» атты халық­ара­лық деңге­йдегі ғылы­ми-тәжі­ри­белік конференция өтті.

Түркі әлеміне ортақ ғалым

Жиынға Өзбекстанның Қазақ­стандағы елшісі Саи­ди­крам Ниязходжаев, Нөкіс (Қара­қалпақстан), Атырау, Алм­аты қалаларынан келген ғалымдар, ЕҰУ оқытушылары, магистранттар, докторанттар қатысты. 

Конференцияны Ас­тана қа­ла­лық Қазақстан хал­­қы Ассам­б­­леясының сарап­тамалық тобы, «Жайхун» қара­­қалпақ этно­мәдени бір­лес­тігі мен ЕҰУ Ар­хео­логия және этнология ка­ф­ед­расы ұйым­дастырды.

Конференцияның ашылу салтанатында Өзбекстан­ның Қазақстандағы елшісі С.Ниязходжаев Ұлы далада өмірге келген ірі тұлға­лар­дың бірі, ғалым Қаллы Айым­бетовтің түркі халық­тары­на ортақ қайраткер екенін айта келіп, оның есімі Астанада ар­дақталып жатқаны қазақ хал­қының кеңпейілділігін біл­діретінін жеткізді.

Шара барысында Өзбек­стан Ғылым академиясы Қарақалпақ бөлімшесінің  Н.Дау­қараев атындағы Тіл және әдебиет институтының (Өзбек­стан) директоры, филология ғылымдарының кандидаты Айт­мұрат Әлниязов «Қаллы Айымбетов­тің ғылы­ми жұмысы мен өмір жолы» тақырыбында баяндама жасап, ғалымның бала кезден зерек, алғыр, құймақұлақ болға­нын, мектепті жақсы оқып, Алматыда М.Әуезовтен дәріс алғанын айтты. Сондай-ақ ол тілтану, әліппе оқулықтарын, «Қара­қалпақ фольклоры» көп­томдығын жазған Қ.Айым­бетовтің еңбектеріне тарихи-этнографиялық дәйектеме деген анықтама берді.

Назарбаев орталығынан келген жас ғалым Жақсылық Сәбитов қарақалпақ пен қазақ­тың бауырлас еке­ніне тарихи деректер келті­ріп, екі елдің батырлар жыр­ла­рын­­дағы ұқсас­тықтарға тал­дау жасады. Ал ЕҰУ Ар­хео­ло­гия және этнология ка­фед­­расының доценті, тарих ғы­лымдарының кандидаты Зы­лиха Өмірбекқызы өз баян­дамасында Қазақстанд­а­ғы қа­ра­қалпақтардың саны 4 мың­­нан асатынын, олардың қазақ­­қа қан және тіл жағынан ең жақын ұлт екенін айта келіп, қарақалпақтың белгілі ақы­ны Бердақтың «Шежіре» еңбе­гінен үзінді оқып берді. 

Жиында Т.Салиева өзі бас­­қаратын «Жайхун» этно-мәдени бірлестігінің қара­қал­пақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау бағы­тын­да атқарылып жатқан жұ­мыс­тарына тоқталды. Кон­фе­ренция соңында Қара­қал­пақ­станнан арнайы келген жас жыр­шы Саламат Аяпов «Едіге» жырынан үзінді айтты. Елімізде қарақ­ал­­пақ этно­­мәдени бір­лестіктері бар Алматы, Ақтау, Атырау, Шым­­кент қала­лары­нан келген өнер­паздар қара­қалпақтың биін билеп, әнін шырқады. Сондай-ақ Қ.Айым­бетовтің немересі Илхам виолончельде Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасын» нақышына кел­тіре орындады.

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»