«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздік күніне орай арнайы жобалар дайындады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Тәуелсіздік күніне орай дайындаған арнайы жобаларының таныстырылымы өтті.

Егемен Қазақстан
10.12.2018 1994
2

Шараға телерадиокорпорацияның Басқарма төрағасы Ерлан Қарин қатыстып, «Qazaqstan», «Qazsport» және «Balapan» телеарналарының Тәуелсіздік мерекесіне орай эфирге шығатын арнайы жобалары туралы айтты.

Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша: ««Қазақстан» корпорациясының құрамына кіретін телеарналар мен радиолардың, оның ішінде Ұлттық арнаның  ең басты мақсаты - ұлттық өнерді, ұлттық құндылықтарды насихаттау. Еліміздің басты мейрамы -  Тәуелсіздік күніне біз ерекше мән береміз. Өткен жылы хабарлағандай, біздер жыл басында, ең басты жобаларымыздың тұсаукесерлерін арнайы Тәуелсіздік күніне жоспарлаған болатынбыз.  Сондықтан, ақпарат құралдары арқылы, біздің телевизиялық өнімдер арқылы, халық арасында Тәуелсіздік күні мерекесінің маңыздылығын арттыруға ұмтыламыз. Тәуелсіздік күніне орай, осы аптада болатын арнайы жобалардың бағдарламалық кестесін алдын-ала талқыладық. Себебі, бұл біздің ең үлкен, төл мерекеміз. Осы мереке күндері аудиториямыздың кең жиналатынын ескере отырып, танымды, тәрбиелік маңызы зор жобаларымызды дайындап, ұсынатын боламыз. Биыл, корпорацияға кіретін барлық құрылымдарымыз осы Тәуелсіздік күніне арнайы дайындалды. Ұлттық арна  «Кейкі мерген» және «Күй ғұмыр» атты тарихи телехикаялардың тұсауксерлерін осы мерекеге арнайы жоспарланған болатын. «Balapan» арнасының кішкентай көрермендері бүгіннен бастап HD форматта 3 жаңа мультхикаяны тамашалай алады:  «Айдар», «Дала ойындары», «Ертемір». Қазақ анимациясы арқылы өзіміздің ұлттық кейіпкерімізді жасап шығаруымыз қажет».

15 желтоқсаннан бастап, «Qazaqstan» Ұлттық арнасында 14:50-де 16 бөлімді «Кейкі мерген», ал, 17 желтоқсан күні, сағат 21:50-де күй өнері, қазақтың жаны – домбыраны арқау еткен «Күй ғұмыр» телехикаясы. 16 желтоқсанда, сағат 21:00-де «Men qazaqpyn»  гала-концертінің тұсаукесері. Гала-концертте «Men qazaqpyn» жобасының жеңімпаздарын терме, күй және ән жанрлары бойынша марапаттап, қазылар алқасының мүшелері Ұлжан Байбосынова, Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Елшібаева өз өнерлерін көрсетеді.

15 желтоқсан күні, Тәуелсіздік күніне орай, сағат 18:20-да «Желтоқсанның 16 күні» атты деректі фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің елеулі оқиғалары мен жетістіктері, ҚР Президентінің атқарған жұмыстары баяндалатын «Qazaqstan» телеарнасы және "Igraphic" дизайн студиясы бірлесе отырып дайындаған бейнероликтер топтамасы ұсынылатын болады.

Сонымен қатар Ұлттық арна көрермендері әдеттегідей «Ұмытылмас әндер» концертін, «Әзіл әлемі» ойын-сауықтық бағдарламасының жаңа шығарылымын көре алады.

Ал «Qazsport»  арнасында 16 желтоқсан күні, сағат 10:10-да «Анатолий Храпатый: Моя родная штанга» атты деректі фильмі,  19:35-те «Qazaqstan FIGHTER» реалити-шоуының финалдық көрсетілімі, 23:00-де «Astana arlans» кубогына арналған кәсіби бокс кеші көрерменге жол тартады.

«Balapan» арнасы 10-шы желтоқсаннан бастап кішкентай көрермендерге  HD форматта 3 жаңа мультхикая тарту етпек.  Дүйсенбіден бастап 12:35-те «Айдар»,  12:45-те «Дала ойындары», 16:30-да  «Ертемір» анимациялық фильмдері эфирге жол тартады. Сонымен қатар, «Balapan» арнасының көрермендері «Орман күзеті» мен «Шахмат патшалығы»  мультхихаяларын тамашалай алады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу