Әдебиет • 12 Желтоқсан, 2018

Түркістанды танытатын туындылар

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жарық көрген «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жер­лері», «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» атты қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. 

Түркістанды танытатын туындылар

Үш тілде шығарылған кі­тап-фотоальбомда Түр­кістан об­лы­­сының тарихи орындары тү­­гел қам­тылған. Киелі орындар мен ескерткіштер тура­лы­ мағ­лұматтар қазақ, ағыл­шын жә­не орыс тілдерінде беріліп, суреттермен көм­керілген. Ал «Оң­түс­тіктің қасиетті орында­ры: аңыз-әпсаналар» ат­ты кітапта аймақтағы әулие-әмбиелер, ел аузын­дағы тұлғалар туралы­ аңыздар мен әңгімелер жа­зылған. Көне замандардан сыр шертетін әп­саналар мен қызықты деректер мол. 

Облыстық ішкі сая­сат бас­қар­масы ұйымдас­тырған тұсау­кесер рәсі­мінде облыс әкімі Жан­сейіт Түймебаев «Рухани жаң­ғы­ру» бағдарламасы аясында жа­­рық көрген туын­дылардың маңыз­дылығына тоқталып, оқыр­ман үшін қажет дүниелер көп екенін атап өтті.­ «Біз өз тарихымыз бен­ ту­ған өлкеміздің сан­ ғасырдан бері келе жат­­қан шежіресін білу ар­қылы ұлттық болмысымыз­ды,­­ ұлттық кодымызды сақ­­тай аламыз. Бұл кі­тап­­тар рухани жаңғыру үшін өте маңызды. Қыс­қасы, мұндай кітаптар оқыр­манға жетіп, рухани­ қазынадан әрбір азамат сусындауы тиіс», деді Жансейіт Қан­сейіт­ұлы. Сондай-ақ «2017 жыл: айшықты оқи­ғалар» ат­ты кітап та оқыр­ман­ға жол тартты. Бұл кі­тап оқыр­мандарды өт­кен жылғы ай­рықша оқи­ғалардан хабардар етеді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы