Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018

Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толды

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін -  қазақ-қыр­ғыздың ортақ халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Шыңғыс Айтматовтың туған күні. 

Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толды

Белгілі жазушы 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғыз, Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылында дүниеге келген. 

Оның «Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды. Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылығына ой айтқан «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында «Абай жолы» эпопеясының бас кейіпкері - Абай тұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...» - деп жазды.

Айтматов КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықаралық сыйлықтардың лауреаты.