Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018

Өнер академиясында «Өнер» бағытының мәжілісі өтті

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Темірбек  Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстандағы «Өнер» бағыты бойынша ЖОО өкілдерінің  қатысуымен республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңесі өтті.

Өнер академиясында «Өнер» бағытының мәжілісі өтті

Оқу-әдістемелік бірлестігінің құрамына «Өнер» бағыты бойынша жұмыс берушілерінің, үкіметаралық ұйымдардың, шығармашылық одақтардың өкілдері арнайы шақырылған көшпелі жиыны барысында кеңес мүшелері өнер мамандықтарын ұлттық өнермен тығыз байланыстыратын инновациялық білім берудің жаңа әдістемелерін, оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, заманауи білім беру технологиялары, т.б. мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Өнер акадмиясы үшін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы жаңа мақсаттарға жол ашады.  Заманауи әлемде ұлттық сананы қалыптастырып, халқымыздың тарихын дәріптеуде атқарылатын игі істер мол.  Мақала тұжырымдамасы ұлттық педагогиканың, ғылымның, мәдениет пен өнердің дамуына шығармашылық серпін береді.

Осы бағытта Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев «Білім беру жүйесінің модернизация жағдайындағы шығармашылық ЖОО» тақырыбында баяндама жасап, білім беру жүйесінде болып жатқан маңызды өзгерістер, дайындықтың барлық деңгейлерi мен бағыттары, шығармашылық бiлiм беру жүйесiнің белсендiлігі тұрғысында тұщымды пікірлер білдірсе, өзге қатысушылар еліміздегі жоғары оқу орындарының маңызы мен шығармашылық мамандықтардың сапасы, келешегі туралы пікірлерімен бөлісті. Оқу-әдістемелік бірлестік мүшелерінің пікірінше, отырыста қабылданған ұсыныстар жаһандық бәсекеге қабілеттілік жағдайында білім беру бағдарламаларын жоғары дәрежеге жеткізуге мүмкіндік береді.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ