Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

677 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Облыс  орталығындағы  «Шаңырақ» концерттік залында   «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан» патриоттық әндер фестиваліне облыстық жастар этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Павлодарда патриоттық әндер  фестивалі өтті

Рухани мәдени шараның  Достық үйі «Қоғамдык Келісім»  орталығы жергілікті  Ассамблеямен бірлесіп ұйымдастырды.

Фестивальға еліміздегі Польша елшілігінің вице-консулы Норберт Рафалик, Молдова Ұлттық кәсіподақтар конфедерациясының өкілі Елена Каркилан келді.

-  Бұл күндері еліміздегі Ассамблеяның мән-маңызы зор. Біздің қалада өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде ән салатын  патриоттық әндер фестивалі өтуде. Отаншыл қазақстандық жастар ержетті. Жастар арасында отансүйгіштік пен  елге, мемлекеттің тіліне  деген құрметке тәрбиелейтін осындай рухани іс-шаралар, -дейді  жергілікті Ассамблея төрағасы Сейсенбай Жетпісбаев.

Концерттік бағдарламаны «Кардьес» грек вокалдық тобының «Елге салем» атты әнімен ашылды.

Іс-шараға барлығы 18 этно  вокалдық ұжымдар қатысты. Олардың қатарында  «Нарциз»,  «Мирас» ,  «Ярило» , «Сперанце» , «Эребуни», «Ёшлик»,  «Wir» , «Илли» , «Лилея» ,«Кымпитсори» ,«Туған жер» ,«Одлар Юрду» ,«Теберда»  сияқты  түрлі этно мәдени бірлестікер  ұжымдар  мемлекеттік тілде туған жер, ауылға, достық, Астана, Тәуелсіздікке арналған әндерді, Сарыарқа  әуендерін  шырқады.

Фестиваль соңында барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Мақсат Айтбай