Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанның Қазақстандағы Елшілігінде әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алиевті еске алуға арналған жиын өтті. Оған дипмиссия басшылары, Қазақстан қоғамының өкілдері қатысты.

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

Жиын Гейдар Алиев туралы фильмнің көрсетілуімен басталды. Бұдан әрі Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысының өмірі мен қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Одан кейін Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин сөз сөйледі, ол Гейдар Алиевпен жеке таныстығы және қарым-қатынасы туралы әңгімеледі. Сөз соңында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, тәуелсіз Әзербайжанның қалыптасуындағы Гейдар Алиевтің рөлі, биылғы жылы аталып өтілетін Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдық мерейтойы (ӘДР) туралы айтты.

Одан әрі шараға қатысушылар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігі жанынан құрылған Гейдар Алиевтің музейіне барып, фотокөрмемен танысты.