Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018

Іле Алатауында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

1087 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш рет Іле Алатауында аландарын ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалды. 

Іле Алатауында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

«Іле Алатауы» ұлттық табиғи паркі РМК биолог-аңшылары қар барысының миграциялық жолын көру үшін 2018 жылдың қазаны мен желтоқсаны аралығында фототұзақ қойған болатын.

Фотоапппараттар таудың жоғарғы жағындағы шырша орманы арасында орнатылған еді.

Жүргізілген жұмыс барысында Іле Алатауы ұлттық паркі аймағында тарихта тұңғыш рет бірегей видеоматериал түсірілді.

Бейнекадрда 3 жануардың тау беткейін бойлай маңғаз басып кетіп бара жатқаны түсіп қалған. Ұлттық парк мамандарының бағамдауынша, камераның алдынан ұрғашы барыс 1,5 жасар күшіктерін ертіп өткен.

Қар барысы – Қазақстанның ерекше қорғалатын жануары. Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде шамамен 120-130 қар барысы қалды. Қар барысы мекендейтін жерлердің жалпы көлемі 50 мың гектарды құрап отыр.