Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

410 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясының» 70 жылдығына орай «Әл-Фараби» кітапханасында ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы, Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы, Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты ұйымдастыруымен арнайы кеңес өтті.

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

БҰҰ қызметіне қатысты мәселелерді талқылау онлайн тәртібінде ұйымдыстырылды.  Пікірталасқа Алматыдағы ҚР Сыртқы істер министрлігінің, БҰҰ, UNESCO, UNDP, UNAI бөлімшелерінің басшылары мен өкілдері, Қазақстан жоғары оқу орындарының  жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Дөңгелек үстелдің салтанатты бөлігін Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму Институтының директоры, профессор Рафис Абазов ашып, БҰҰ моделі - Жаңа жібек жолы сияқты Қазақстан жастар құрылымдарының Орталық және Оңтүстік Азиядағы бейбітшілікті нығайту және адам құқығын сақтау жөніндегі қызметіне талдау жасады.

Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының маманы Арина Мясоед өз сөзінде ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы мен Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасына жастардың проблемалары мен құқықтарына ұдайы назар аударып отырғандары үшін алғыс айтып, ұйым жұмысына кеңінен тоқталды.

Қазақстандағы БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек конференция қатысушыларымен тікелей байланысқа шығып, өзі пікірін білдірсе, Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы Өкілдігінің Басшысы  Руслан Бөлтіріков  БҰҰ мәжілісінде осынау ғаламдық маңызы бар құжат -  «БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясының» маңыздылығына тоқталды. Ал UNAI Хабы директоры, профессор Ғ.Ж.Ыбыраеваның баяндамасына Тұрақты даму бағдарламасы мақсатындағы Жалпыға ортақ Декларация идеяларының сабақтастығы өзек болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, г.ғ.д.,  профессор В.Г. Сальников, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор Н.Т. Шыңғысова,          Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Т.Базарбаева «БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясының» қабылдануына қатысты өзекті пікірлерін ортаға салды.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ