Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

1494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің білім жүйесінің дамуына зор үлес қосып, өзінің біліктілігімен, кәсібилігімен дараланған ұлағатты ұстаз Аягүл Миразованың 70 жасқа толуына орай Медеу аудандық оқу бөлімі, Медеу аудандық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен  №166 бөбекжай ұжымымен кездесу өтті.

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

Қазақстанның Еңбек Ері, ардагер ұстаз Аягүл Миразованың еңбек жолын өнеге тұтатын ұжым  білікті маманның балалар тәрбиелеудегі тәжірибесімен бөлісті. Шара аясында сөз сөйлеген Аягүл Төреқызы бала тәрбиесі мен ұстаз еңбегін дәріптеу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу барысындағы көп жылдық ізденістегі істері туралы баяндады.  Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын балалардың санасына жеткізуді де назардан тыс қалдырмау керектігіне тоқталған маман  №166 бөбекжай тәрбиеленушілері және  қызметкерлеріне зор ілтипатын білдіріп, құрмет көрсеткендеріне алғыс айтты.

Шараға қатысқан көпшілік балабақшаның музыка залында өлең-күймен сусындап, көңілді кеш өткізді.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ