Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018

Бүркітшілер олжалы оралды

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында өт­кен ха­лық­ара­лық «Сонар – 2018» бүр­кітшілер бай­қауынан Шы­ғыстың құс­бегілері олжалы оралды. 

Бүркітшілер олжалы оралды

Әлемнің 10-нан астам елінен 90 қыранды қолына қондырып әкелген сайыста үржарлық Өмірбек Нұғымұлы­ның «Мұзбалағы» бірінші орынды жеңіп алыпты. Халық­аралық доданың қоянға салу сынында Өмірбектің бүркіті қоянды қанатымен соғып, аспанға қайқаңдап қайта шығып төмен сорғалаған қалпы іліп көрерменді таңғалдырыпты. Ал түлкіге салған соңғы шешуші бәсекеде алпыс екі айлалы түз тағысын да қалт жібермепті. Түз тағыларының тартысында Тәттімбек Кәпұлының қыраны үздік ондықты түйіндесе, Ерзат Байқадамов пен Ермек Жетпісовтің қырандары ширек финалға жетіп жығылыпты. «Шығыс-Алтай» бүркіт­шілер федерациясының президенті Тәттімбек Кәп­ұлы Алатау баурайында ұйымдастырылған бүр­кіт­шілер байқауына төрт бүркіт апарғандарын айтады.

Реті келгенде айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақ­стан­да бүркітті тек Үржар ауданының ғана құс­­бегілері бап­тап, жарыстарға қосып жүр. Жақын­да ұлттық өнерді ұлық­тауға қосқан үлесі үшін Т.Кәпұлы Үржар ауданының құр­метті азаматы атанды.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы