Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2018

15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстандағы циклонға және атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жауын-шашын түсіп, тек оңтүстік-шығыста күн ашық болады. Тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.  Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болуы мүмкін. Қостанай облысында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, Алматы облыстарында тұман күтіледі, күші 15-23 м/с дейін ызғырық жел тұрады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.