Шет ел басшылары Президент пен қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауда

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
15.12.2018 16541
2

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамудың өзекті мәселелерін шешу жолында айтарлықтай табысқа жеткенін атап өтіп, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде және Астана процесі аясында өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мәселелерін шешу барысында маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

«Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз. Біз бірлесе күш жұмылдыра отырып, барлық салалардағы екі жақты сындарлы ынтымақтастықты және Еуразиялық интеграциялық үдерістер аясындағы өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтатынымызға сенімдімін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге шын жүректен мықты денсаулық пен табыс, ал достас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тілеймін», – делінген Ресей Президентінің құттықтау жеделхатында.

Польша Республикасының Президенті Анджей Дуда Қазақстанның көп жылдардан бері Польшаның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі саналатынын және оған түрлі деңгейдегі тығыз қарым-қатынастарымыз дәлел екенін айтады.

«Бүгінде Қазақстан ұлты поляк көптеген адамның туған жері саналады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан аумағында поляк мәдениетінің дамуына жағдай туғызғаныңыз үшін алғыс білдіремін», – деп атап өткен Польша Президенті.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев жеке өзінің және барша Әзербайжан халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және бүкіл қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің жан-жақты және орнықты даму жолымен жүріп, мемлекеттілікті және экономиканы нығайту жолында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыру ісінде зор табысқа жеткеніне тоқталды.

«Елдеріңіз халықаралық және өңірлік ұйымдарда маңызды рөл атқарады және жоғары беделге ие. Өзара сенім мен қолдауға негізделген Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы достық әрі стратегиялық әріптестік қарым-қатынастар ортақ тарихы, ұлттық және моральдық құндылықтары бар халықтарымыздың игілігі жолында дамитынына сенімдімін», – делінген хатта.

Бельгия Королі Филипп өзінің құттықтау жеделхатында екі мемлекет арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өткен.

Австрия Республикасының Федералдық Президенті Александр Ван дер Беллен Қазақстан Президентін ұлттық мерекемен құттықтап, өзара экономикалық және энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Армения Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян өзінің хатында Қазақстанның мемлекет құру ісіндегі, экономиканы жаңғыртудағы және халықаралық беделін нығайтудағы дара жолына назар аударды.

Украина Президенті Петр Порошенко құттықтау жеделхатында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында осы заманның саяси, экономикалық сын-тегеуріндеріне төтеп беріп, өңірдегі көшбасшылардың біріне айналғанын атап өткен.

Венгрия Президенті Янош Адер Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Венгрия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың ортақ салт-дәстүріміз бен тарихи байланыстарымыз тұрғысынан маңыздылығын атап өтіп, екі ел халықтарының достығын одан әрі нығайтудың және мәдени байланыстар аясын кеңейтудің қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, өздерінің жеделхаттарында Испания Королі VI Фелипе, Нидерланд Королі Виллем-Александр, Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорн, Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелла, Латвия Республикасының Президенті Раймондс Вейонис, Литва Республикасының Президенті Дали Грибаускайте, Финляндия Республикасының Президенті Саули Нийнистё, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Матамела Сирил Рамафоза Қазақстан халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілеген.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу