Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2018

Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қылмыстық іс Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

«Мамандандырылған қылмыстық сотқа ҚР ҚК 434-бабы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабының 2-бөлімінің 1- тармағы бойынша айыпталған  Ж.Толыбаева, ал ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 1 тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған А. Құдайбергенов, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Нұралы Қиясовқа қатысты іс 13 желтоқсанда түсті. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады. Іс бойынша 3 сотталушы сот алдында жауап береді», - деді баспасөз қызметі.