Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай Спорт сарайында салтанатты жиын өтіп, аймақ басшысы солтүстікқазақстандықтарды ұлық мерекемен құттықтады.

Солтүстік Қазақстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

«Отанымыздың Тәуелсіздігі мен  оның табыстары Тұңғыш Президент–Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап көрсетіп, еліміз әлемге  көшбасшы, бітімгершіл ел ретінде танылғанын жеткізді. Қазақстан–беделді, ынтымақтастықтың барлық мәселелері бойынша жауапкершілігі зор әріптес. Елбасымыздың  бастамалары әрдайым әлем мемлекеттері басшылары тарапынан қолдау тауып келеді», деді құттықтау сөзінде Құмар Іргебайұлы.

Мемлекеттік және  қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін  Президенттің Жарлығымен марапатталған бір топ жерлесімізге ерекше қрмет көрсетілді. Олардың арасында "Парасат»" орденімен «Дайындық» ЖШС-нің басшысы Біржан Шәймерденов, «Құрмет» орденімен «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған  № 2 арнайы мектеп-интернаттың директоры Николай Хованский, «Ерен еңбегі үшін» медалімен кәсіби бокстан әлемнің экс-чемпионы Жанат Жақиянов, «Шапағат» медалімен Кышкенекөл орта мектебінің ұстазы Баян Сәтімова, тағы басқалары марапатталды.

Салтанатты іс-шара жергілікті көркемөнерпаздардың концертіне ұласты.

Жиынға қатысушылар белгілі әнші Мәдина Сәдуақасованың тамылжыта салған әндерін  ұйып тыңдады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы