Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2018

Сайлау: жаңа формат

1315 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республи­касындағы сайлау туралы» Конститу­циялық заң 1995 жылы қабылданған уақыттан бері оған 19 рет өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізілді. Қызығушылық ту­ды­рып отырғаны ағым­дағы жылдың жазында «Қазақстан Рес­пуб­ли­касының кейбір конституциялық заңда­рына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Конституциялық заңмен енгізілген соңғы новеллаларды заңға тәуелді деңгейде іске асыру мәсе­лелері болып отыр.  

Сайлау: жаңа формат

Қабылданған заңнамалық акт заң үстемдігін қамтамасыз етуге және транспарентті, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға ба­ғыт­­­­­талған «100 нақты қадам» Ұлт­ жоспарының бағдарламалық нұс­­­­­­­­қауының бірқатар ережесін іс­ке асыратынын атап өтпекпіз. Сай­лау заңнамасының жаңа нор­­­­­малары 2017 жылғы конс­ти­туция­лық реформаның қисы­нымен ұштасып жатыр, оған қоса олар кон­ституциялық р­е­фор­­ма­ларды іске асыруды жал­­ғас­ты­ратын қа­зақ­стандық қо­ғамды сая­си жаң­ғыр­тудың маңыз­ды қа­дамы.

Новеллалар, сондай-ақ ХХI ғасырдың ортасына қарай біздің елі­міздің әлемнің ең дамыған 30 елі­нің қатарына кіруі бойынша­ алдымызда тұрған міндеттің шең­беріне де кіреді. Ол үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәй­кес келу, сондай-ақ ЭЫДҰ озық практикалары мен стандарт­тарын мемлекеттің бар­лық тір­ші­­лік салаларына ен­гізу қажет. Сондықтан да еліміз­дің 2025 жы­л­­ға дейінгі даму стратегия­сында «Қазақстан әлеу­меттік-эко­номикалық және инс­титу­цио­нал­дық дамуға ЭЫДҰ-ға мү­ше ел­дерден қалыс қалмайтын дең­гейде қол жеткізуге және ке­йін­нен ЭЫДҰ-ға кіруге бел бай­лап­ отыр­ғаны» көзделген.

Тұтастай алғанда, осы заңның жаңа ережелері сайлау процесінің озық халықаралық-құқықтық прак­тикасына сәйкес келетін, не­ғұрлым үдемелі сайлау жүйесін құ­руға бағытталған. Құқықтық жа­ңалықтар халықтың мемлекет істерін басқаруға қатысуын кү­шейту мақсатында жергілікті өкіл­ді органдарды қалыптастыру те­тігін өзгертеді. Бұл жерде пропор­ционалды сайлау жүйесінің мәс­лихаттарға да қолданылатыны ту­ралы айтылып отыр. Бұл ереже тұ­жырымдамалық сипатқа ие және 2019 жылғы 1 қаңтардан бас­тап қол­данысқа енгізіледі. Біздің ойы­­мызша, сайлау заңнамасының бұл новелласының бірқатар ар­тық­шылықтары бар: еліміздің сай­­­лау жүйесін дамытуға жаңа сер­­пін береді, өкілді билік органдарын төменнен жоғарыға дейін – мәс­лихаттардан Мәжіліске дейін қа­­лып­тастыруға бірыңғай тәсіл жа­са­лады.  

Новеллалар сондай-ақ негіз қа­лаушы сайлау қағидаттарын, азаматтардың сайлауға және сай­лануға конституциялық құқық­тарын, олардың ерік білдіру бос­­тандығын қамтамасыз ету ар­­қы­­лы барынша ашық және де­мо­­­­кратиялық сайлау процесін ұйым­­­­дастыруға ықпал ететін бо­­­­­­­­­­ла­­­ды.­ Конституциялық заңның жа­­­­­ңа нормаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қа­­зақстан Республикасы Ор­талық сай­лау комиссиясы 14 заң­ға тәуелді акт­ жобасын әзірледі.

Солардың бірі – «ҚР Орта­лық сайлау комиссиясы тура­лы ережені бекіту туралы» Қа­­зақ­стан Республикасы Пре­зи­дентінің 1996 жылғы 11 қара­ша­дағы №3205 Жарлығына өз­ге­ріс­тер мен то­лықтырулар ен­гізу туралы» Жарлық жобасы. Тиісті Жарлыққа кейіннен ел Пре­зиденті қол қойды. Оған сай Ортсайлаукомның барлық функ­циялары Конституциялық заң­ның жаңа нормаларына сәйкес кел­тірілді және ол жүзеге асыратын қыз­мет түрлері бойынша топтас­тырылды.   

Қалған 13 акт – бұл өткізіл­ген ОСК отырыстарының қорытын­дылары бойынша ағымдағы жыл­ғы тамыз-қыркүйек айла­рын­да қабылданған, Әділет ми­­нистрлігінде мемлекеттік тір­кеу­ден өткен  және Қазақстан Рес­­публикасы Нормативтік құ­қық­тық актілерінің эталондық ба­қылау банкі жүйесінде ресми тіркелген Ортсайлауком қау­лы­лары.  Бүгінгі күні олардың бар­лығы қолданысқа енгізілді. 

Аталған заңға тәуелді актілер­дің мәтінімен Ортсайлау­комның интернет-ресурсында және «Әді­лет» нормативтік-құ­қықтық акті­лердің  ақпараттық-құ­қықтық жү­йесінде танысуға болады. Менің пайымдауымша, біздің электорат үшін неғұрлым қызық­ты болуы мүмкін кейбіреуі­нің маз­мұнына тоқтала кетейін.

Бірінші кезекте, бұл сайлау құ­қықтарын іске асыру, нақ­ты­ айт­қанда мүмкіндігі шек­теу­­лі аза­маттардың сайлау құ­қық­­тарын қам­тамасыз етумен байланыс­ты жаңа енгізілімдер. Мәселе мүм­­кіндіктері шектеулі азамат­тардың сайлау құқықтарын бұ­дан әрі қамтамасыз етуге ба­ғыт­талған нормалардың заңна­ма­лық деңгейге алғаш рет шы­ға­рылуында. Нәтижесінде, Конс­титуциялық заңда енді учас­келік сайлау комиссиясының мүм­­­кін­діктері шектеулі азамат­тардың сай­лау құқықтарын іске асыруына қажетті шараларды қабылдауы тиіс екені, ал же­р­гілікті атқарушы органдар осы ба­­ғыттағы жұмыста сайлау ко­мис­сияларына жәрдемдесуге мін­­детті екенін көзделген. Жаңа ен­гізілім сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде оларға мүмкіндіктері шек­теулі сайлаушылардың ке­дер­­гісіз кіруі мен дауыс беруіне қа­­жетті жағ­дайлар қамтамасыз еті­луі тиіс екенін қамтиды.

Осы нормаларды іске асы­ру үшін Ортсайлауком «Сай­лау учаскесінде, дауыс беруге ар­налған пунктте дауыс беруге арналған үй-жайды жарақ­тан­дыру жөніндегі нұсқаулықты бе­кіту туралы» ОСК-ның 2012 жыл­ғы 23 қазандағы № 21/183 қау­лысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы қабылдады. Бірақ алда сай­лау учаскелерін материалдық-тех­никалық қамтамасыз ету бойынша әлі талай жұмыс тұр.

Атап айтқанда, сайлау­ учас­кесінде, дауыс беруге­ арнал­ған­ пунктте тактильді көрсет­кіш­­тер, мо­ниторлы компьютер, сон­дай-ақ за­ғиптарға, нашар кө­ретіндерге және нашар ести­тіндерге арналған жабдықтар болуы тиіс. Осы жерде көруі бо­йынша мүмкіндіктері шектеулі адам­дар үшін Брайль қарпімен басылған сайлау туралы ақпарат­ты қамтыған арнайы папка, қо­сым­ша жарықтандырылған үс­тел, орындықтар, қаламдар, оп­­­­­­ти­калық түзету құралдары бар жа­­­сырын дауыс беруге арналған ка­бина орналасуы тиіс. 

Жалпы мүгедектер арбасын пайдаланатын сайлаушылардың сайлау учаскелеріне тиісінше қол жеткізуін барынша қамтамасыз ету жоспарланып отыр.  

Басқа, маңызы жоғарыдағыдан кем емес жаңа енгізілім сай­лау­шылардың тізімдерін қалып­тас­тыру мәселелерін шешуге ба­­­ғыт­­­талған. Енді ол «Жеке тұл­ға­лар» мемлекеттік  деректер қо­ры­­мен интеграциялану арқылы элек­трондық түрде де жүзеге асы­­ры­латын болады.   

Жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді электрондық түрде ұсынатыны белгіленген. Бұл «Цифрлы Қазақстан» мем­ле­кет­тік бағдарламасын іске асы­­ру жөніндегі іс-шаралармен ұш­­тасып жатыр, сайлаушылар тізімдерінің дұрыс жасалуын қам­тамасыз етуге және оларды сай­лауда да­уыс беру күні түзету қажеттігін азай­туға мүмкіндік береді. Сон­­­дай-ақ осының ар­қа­сында сай­лаушылардың құ­қық­тарын толық іске асыру қамтамасыз етіледі, сайлау­ ко­миссияларының тиімді жұ­мыс жасауы жолға қойылады деп күтілуде. Осы жұ­мысты жүр­­гізудің толық тәртібі Орт­­сай­лау­комның ағымдағы жыл­ғы 23 тамыздағы екі қаулы­сымен рет­телді.

Айта кетсек, ОСК Әділет, Іш­кі істер, Еңбек және халықты әлеу­­меттік қорғау, Қорғаныс ми­нис­трліктерімен бірлесіп, «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерек­тер қорын кейіннен сайлау­шылардың электрондық тізімімен интеграциялау үшін инспекциялау және өзектендіру бойынша жұмысты жүргізеді. Бұл жұмыс қазір аяқ­талуға жақын.  

БАҚ-тағы сайлау алдындағы үгіт мәселелеріне жеке тоқтала кет­сек. Заңнамалық түзетулер бло­­гы, сондай-ақ БАҚ-тағы, оның ішін­де интернет-ресурстар мен ақ­параттық-коммуникациялық же­­­лі­­лердегі үгіт мәселелерін де­­­­­ рет­тейді. Алайда, сайлау ал­дын­­­­­дағы үгітті жүргізу құ­қы­ғын кез келгені емес, тек Қазақ­стан­­ның заңнамасына сәйкес тір­келген желілік интернет-ба­сы­­лымдар мен ақпараттық-ком­му­ни­кациялық желілер ғана қол­дана алады. 

Отандық заңнамада бұдан бұрын желілік БАҚ-тардағы сайлау алдындағы үгіт мәселелерін егжей-тегжейлі реттеу қамтыл­маған және осындай үгіт жүр­гізу­дің нақты шеңберлері белгі­ленбеген.

Дегенмен, Конституциялық заң­ға бұқаралық ақпарат құрал­дары арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу мәселелері бойын­ша үлкен өзгерістер мен толық­тырулар енгізілді. Олардың ішін­де неғұрлым  маңыздылары – бұ­қаралық ақпарат құралдары бер­­ген төлемақы мөлшері, эфир мен баспасөз бетінен орын бе­ру шарттары мен тәрті­бі­ тура­лы мәліметтер Орта­лық жә­не аумақтық сайлау комис­сия­ла­рының интернет-ресурс­та­рын­да орналастырылады. Осы мә­ліметтер жарияланғанға дейін БАҚ-тар кандидаттардың, пар­тиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материал­дарын орналастыру, тарату үшін эфир және баспасөз бетінен орын бере алмайды. Со­нымен бір­ге сайлау алдындағы үгіт ке­зе­­ңінде кандидаттардың, парт­ия­­­­­лық тізімдерін ұсынған сая­си партиялардың сайлау ал­дын­дағы үгітімен байланысты мерзімді бас­­­­­пасөз басылымының таралымы­ барлығы үшін бірдей болуы тиіс.   

Сондай-ақ интернет желі­сі арқылы жүргізілетін сайлау ал­дындағы үгітті тоқтату­ға қа­тыс­­ты нормалар толықтырыл­ды. Енді интернет желісінде бұ­­дан бұрын орналастырылған үгіт ма­териалдары бұрынғы орын­­­дарында сақтала алатыны бел­гіленді. Алайда бұрын ор­на­ластырылған материалдарды ин­тернет-ресурстардың бас­ты бет­теріне шығаруға рұқсат етіл­мей­ді.

Сонымен қатар бірқатар жаңа ережелер сайлау алдындағы пікірсайыс мәселелерін реттейді. Осылайша, ОСК-ның сайлау алдындағы пікірсайысты жүр­гізу тәртібі мен шарттарын ай­қындауға ОСК құзыреті бел­гіленді. Осы нормаларға сай Орт­­сайлауком Сайлау алдындағы үгіт­ті жүргізу қағидалары мен шарт­тарын бекітті. Бұл қағидалар пікірсайыс өткізілетін телеарналарды айқындау мерзімдерін, оған қатысушылардың және пікірсайыс уақытында сол жер­де болатын адамдардың тізімін бекітуді, онда сөз сөйлеу кезек­тілігін, жүргізуші мен қаты­су­шылардың құқықтары мен мін­деттерін, оны жүргізу тілін және жазбаларды сақтау мерзімдерін реттейді.    

Сонымен бірге Қағидаларда сайлау алдындағы пікірсайысты жүргізу тәртібі мен шарттары бір­­дей болуға тиіс екені және сол немесе өзге кандидатқа не сая­­си партияға артықшылықтар туғыз­бауға тиіс екені белгіленген.   

Жаңа енгізілімдер, сондай-ақ­ сайлау алдындағы үгітті жүр­­­­­­­­гізуге (БАҚ-та сөз сөйлеу үшін)­ республикалық бюджет­тен­­ бөлінген қаражатты бөлу­дің икем­­­­ді жүйесін енгізді. Конс­ти­туциялық заң БАҚ-та сөз сөй­леу үшін қаражат бөлу тәртібі мен көлемдерін Ортсайлауком айқындайтынын белгілейді.   

Осы норманы жүзеге асы­ру үшін Ортсайлауком Кандидат­тарға БАҚ-та сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлем­дерін бекітті. Онда сайлау алдындағы бағдарламалармен шығу үшін Президенттікке, Се­нат депутаттығына, сон­дай-ақ Қазақстан халқы Ассам­блея­сы сайлайтын Мәжіліс депу­тат­ты­ғына кандидаттарға респуб­ли­калық бюджеттен қаражат бө­лінеді. Қаражат бөлу тәртібі мен оның көлемін белгілей отырып, қағидалар сонымен бір мезгілде кандидаттар баспасөз және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жа­рияланымдардың көлемін өзде­ріне мемлекет бөлген қара­жат шеңберінде өз сайлау бағдар­ламаларымен сөз сөйлеу үшін дербес қайта бөлетінін көздейді.  

Қоғамдық пікірге сұрау са­луды реттеу мәселелері де жа­ңалықтан тыс қалмады. Сайлау мә­селелерін әділ және кәсіби жа­рия етуді қамтамасыз ету үшін қоғамдық пікірге сұрау са­луды Қазақстан заңнамасына сәй­кес тіркелген, қоғамдық пі­кірге сұрау салуды жүргізу бо­йынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін тіркей отырып, ол туралы алдын ала Ортсайлаукомды жазбаша түрде хабардар ету арқылы жүргізуге құқылы. Бұл хабарламада сұрау салуды жүргізуге қатысқан және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сұрау салу жүргізілетін өңірлер туралы, қол­данылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Сұрау салуды жүзеге асы­ратын заңды тұлғаларда тәжі­ри­бенің болуы олардың кәсіби деңгейде өткізілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сайлау ал­­дындағы науқаннан бірер күн бұрын «біржолғы қызмет» көр­­­сету мақсатында құрылған ұйым­дар сұрау салуды жүргізуге қатысуға жіберілмейтін болады.  

Осы нормалардың бар­лы­ғын енгізу интернет-техноло­гия­лардың сайлаушылардың санасымен айла-шарғы жасаудың көпопциялы құралына айналуына байланысты туындап отыр. Оған қоса, қазір бәсекелестің бе­делін түсірудің жекелеген түрі – халыққа әлеуметтік сұрау салу жүр­гізу нәтижелерін бұрмалау ту­ралы айтылуда. Қазіргі болмыс көрсеткендей, бұл технология аса танымал және сұранысқа ие болып отыр. Мамандары осы салада білікті, әлеуметтік сұ­рау салудың әдіснамасы мен әдіс­темесін мең­герген кәсіби заң­ды тұл­ға­лардың қоғамдық пікірге сұрау са­лу жүргізу мүмкіндігі сайлау ал­дындағы науқан кезеңінде осындай құбылыстарды азайтуға мүм­кіндік береді.     

Зәуреш БАЙМОЛДИНА,

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі