Футбол • 19 Желтоқсан, 2018

Месси тағы да «Алтын бутсы» иегері атанды

736 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропаның спорттық басылымдарының қауымдастығы «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиге «Алтын бутсы» табыс етті, деп хабарлайды «SPORTINFORM».

Месси тағы да «Алтын бутсы» иегері атанды

Месси 2017/18 маусымындағы Еуропаның ең үздік бомбардиры атанды. Өткен маусымда аргентиналық футболшы Премьер-лиганың 36 матчында 34 гол соқты.

Аталмыш марапат үшін бақталаста ол мысырлық Мохамед Салахтың алдын орап кетті. М.Салах Премьер-лиганың 36 кездесуінде 32 рет гол салды.

Л.Мессиге «Алтын бутсы» бесінші рет табысталып отыр. Бұған дейін марапатты 2009/10, 2011/12, 2012/13 және 2016/17 маусымдарда алған болатын. Месси «Алтын бутсы» сыйлығын ең көп иеленген футболшы. Екінші орында - бүгінде «Ювентус» сапында ойнап жүрген Криштиану Роналду. Оның еншісінде 4 жүлде бар.