Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2018

Еліміздің Батысындағы әскерилер мамандық бойынша дайындықты бастады

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу жылының басталысымен барлық санаттағы әскери қызметшілермен жеке құрамның атқарып отырған лауазымы көлемінде функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтитын мамандық бойынша дайындық жүргізілуде.

Еліміздің Батысындағы әскерилер мамандық бойынша дайындықты бастады

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде мамандық бойынша дайындық бөлімше командирлері мен сержанттарының басшылық етуімен жүргізілуде. Сабақтарды сапалы өткізу үшін әрбір әскери мамандық бойынша оқу топтары құрылды және анағұрлым дайындалған әскери қызметшілер санынан нұсқаушылар анықталды.

- Мамандық бойынша даярлықтың басты мақсаты – жеке құрамға өзінің лауазымдық міндеттеріне тиісті білімді беру, штаттық қару-жарағы мен әскери техникасын оқу және атыс қаруын қалыпты ұрыс жағдайына келтіруді үйрену болып табылады. Бүгінгі күні жалпы саны 2500-ден аса жауынгерлер 209 оқу топтары бойынша, 400-ден аса тәжірибелі сержанттардың жетекшілігімен тәлім алып жатыр, дейді өңірлік қолбасшылықтың әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Нұрлан Алдияров.

Сабақтар барысында жеке құрамның қару мен жауынгерлік техниканы іс жүзінде қолдануына, штаттық байланыс құралдарында жұмыс жасай білулері мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге көңіл бөлінетін болады.

Мамандық бойынша дайындық аяқталған соң оқу материалды меңгеру деңгейлерін анықтау үшін оқып-үйренуші әскери қызметшілермен негізгі оқыту пәндері бойынша бақылау сабақтары өткізіледі. Мамандық бойынша барлық санаттағы әскери қызметшілерді даярлау 2019 жылдың 4 қаңтарында аяқталады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар