Экономика • 25 Желтоқсан, 2018

Аграрлық саланың жаңа серпіні

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Экологиялық таза өнім өндіруде Орталық Азияда көшбасшы мемлекетке айналуға толық мүмкіндік бар. Бұл туралы өткен жұмада «Аграрлық ғылым. Болашақ бүгіннен басталады» атты пікірталас барысында кеңінен сөз болды.

Аграрлық саланың жаңа серпіні

Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылы­ми-зерттеу институты директорының орын­басары Біржан Рахымжановтың айтуын­ша, бүгінде артық қоспасыз азық-түлік шы­ғару ісі аса өзекті. Осы ретте минералды тыңайт­қыштарға мемлекет тарапынан субсидия беріл­генімен, органикалық тыңайтқыштар қол­данысын кеңейтуге ешқандай қолдау жоқ.

Еліміздегі аграрлық саладағы тың жаңа­лық­тар тұрмысымызға етене еніп, адам ағза­сы­на зиянды қоспаларсыз таза өнім ұсыны­­лып келеді. Мұндай өнімдер әдеттегі жеміс-жи­дек, көкөніс­тердің бағасымен салыстыр­ған­да қым­батқа түсері де белгілі. Бүгін­ге дейін елімізде соя мен жүгері, картоп пен қы­занақтың жаңа түрлері өсірілген. Бұлар құр­ғақшылыққа төзімді, жылдың əр мезгілінде жылыжайда да өсе береді. Сондай-ақ 2020 жылы картоп егістігінің көлемі 2 пайызға ұл­ғайтылмақ. Республикадағы жердің  70 па­йызы шөлейт болғандықтан соған бейім тыңайт­қыштар қолданылады. Тиісінше жоға­ры­да атал­ған азық-түліктің жалпы көлемі кем дегенде 5 пайызға артпақ. 

Аграрлық салада бәсекеге қабілетті болу үшін отандық ғалымдарымыздың ашқан тың жаңалықтарына арқау болатын ілкімді жобалар іске асуы тиіс. Осы мақ­сат­та аграрлық саладағы 300-ге жуық ғалымды шетелде оқыту жос­пар­ланып отыр. Ұлттық аграрлық ғылы­ми-білім беру орталығының басқар­ма төрағасы Ұлан Тәжібаевтың айтуынша, «RisingStar» бағдарламасы аясында келер жылдан бастап әлем­дік жетекші халықара­лық зерт­теу орталықтары мен жоғары оқу орын­дарына мамандар жібері­леді. 2019 жылға дейін аталған бағ­дар­лама аясында шетелге оқуға жі­берілетін мамандар санын 300-ге жеткізу көзделіп отыр. 

Жас ғалымдарға арналған жиын­ға аграр­лық жоғары оқу ор­ны­ның түлектері мен 15 ғылы­ми-зерттеу институтының және 18 тәжірибелік шаруашы­лықты біріктіретін «Ұлт­тық аграрлық ғылыми-білім беру орта­лығы» мекемесінің мамандары қатысты.

AgroLab алаңында геномдық сұрыптау, «жасыл» технологиялар, молекуларлық биология және «ақылды» егіншілік сияқ­ты тақырыптар және басқа да ауыл шаруашы­лығындағы қазіргі замандағы тың жаңалықтар мен бастамалар жас мамандардың пікір­таласына арқау болды.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»