Әлем • 25 Желтоқсан, 2018

Италияда Этна жанартауының атқылауы басталды

663 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше  италияның Сицилия аралында Этна жанартауының атқылауы басталды. Белсенді вулкан салдарынан жер сілкінісі де болды.

 

Италияда Этна жанартауының атқылауы басталды

Италияның геофизика және вулканология ұлттық институты осы кезде 130-дан астам сейсмикалық дүмпулер санады, олардың ең жоғарғысы 4,0 магнитудаға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қарашада Гватемалада Фуэго жанартауы атқылап, нәтижесінде 4 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Вулканнан атқылаған күл 7 километрге дейін жеткен. Биіктігі 3,7 км-ге жуық жанартау Гватемала аумағында ең белсенді болып саналады. Айта кетейік, шілде айында Фуэго жанартауының атқылауынан кем дегенде 120 адам қаза тауып, 300-ге жуық адам хабар-ошарсыз кеткен.