Әлем • 25 Желтоқсан, 2018

Трамп 2019 жылы Түркияға барады

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Трамп 2019 жылы Түркияға барады

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Тайип Эрдоганның шақыруы бойынша 2019 жылы Түркияға барады, деп мәлімдеді дүйсенбі күні түрік президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын.

«Біздің президент Трампты Түркияға сапармен шақырды. Ол 2019 жылы келуі мүмкін деп жауап берді», деді ол Анкарада журналистерге.

Ол сапар уақытын белгілеуге әлі ерте деді. Бұл америкалық президенттің жоспарлары мен бағдарламасына байланысты болатынын айтып өтті.