Спорт • 27 Желтоқсан, 2018

Бес балуанымыз үздіктер қатарында

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық дзюдо федерациясы 2018 жылды қорытындылап, балуандардың рейтингін жаңартты. Жаңарған тізімде дзюдошыларымыздың нәтижелері жаман емес. Екі балуанымыз үздік 10 дзюдошының қатарына енген.

Бес балуанымыз үздіктер қатарында

60 килодағы қос балуанымыз Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов 6-7 орынды бөлісіп тұр. Ерлан Серікжанов (66 кило) пен Елдос Жұмаханов та (66 кило) бір-бірімен іргелес тұр. Серікжанов 10-орынды, Жұмаханов 11-орынды иемденуде. Рио Олимпиадасына 66 килода қатысқан Жансай Смағұлов қазіргі таңда 73 кило салмақтың рейтингінде 10-орынға жайғасқан. Ал тағы бір Олимпиадаға қатысушы Дидар Хамза (81 кило) 14-сатыға табан тіресе, 90 кило салмақтағы Ислам Бозбаев жылды 9-орынмен қорытындылады. Сондай-ақ Виктор Демьяненко (-100 кило) 38-ші, Ерасыл Қажыбаев (+100 кило) 23-ші орында. 

Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ереже бойынша, 2020 жылғы Олимпия ойындарына әр салмақтағы үздік 18 спортшы қатысады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»